ПУБЛИКАЦИИ
ЖАРҚЫН ТАЛАНТ
Ол өзі жүріп өткен өнер жолындағы өмірін әңгіме еткенде, соны оймен шолған альпинистердің кауіп-қатері, қиындығы көп “азапты” өмірінен өнер адамдарының өмірін көріп, содан ұқсастық тапқандай болады. Бәлкім бұл ұқсастық шындыққа да саятын сияқты...
"Өнер шыңыны” бір айырмасы: өнер шыңы қандай суреткерге болса да белгісіз биік және өнер биігіне әркім өз жолымен, ешкімге ілеспей жеке дара шығады. Қаншама биікке көтерілсең де, шаршап-шалдықсаң да ол биікке місе тұтпайсың. Одан да биік, азабы мен бейнеті одан да қиын асқар шыңды басындырғың келеді. Бағдар-бағытың белгілі болғанымен, сол өнер биігінің, өнер шыңының қандай қиындықтары, жеңіс-жеңілістері күтіп тұрғанын кім-кім де күні бұрын болжай алмайды. Бірақ осы бір белгісіздікке қарамастан альпинистердің азарты сияқты өзгеше бір құдіретті күш сені белгісіз өнер шыңына, өнер биігіне ұмтылта береді. Бұл сапардағы жеңістің, жеңілістің шығар шыңының биіктік дәрежесі әрбір творчество адамының қажыр-қайратына байланысты болса керек.
Асқар шыңға шығу - айтуға оңай болғанымен қиындығы көп дүние. Оған нар тәуекел, селт етпес жүректілік керек. Өз басым ақын-жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың, жалпы, творчество адамдарының талантты тобының бейнесінен тәуекелшіл, өжет альпинистердің ерлігін көргендей боламын”,- дейді белгілі қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиев.
Ақиқат шындық. Қазақ композиторларының ішінен өнер биігіне өзгеше өжеттілікпен ұмтылып, сол творчество биігінен өзін жан-жақты көрсете білген еңбекқор суреткерлердің бірі ретінде, ең алдымен, Еркеғали Рахмадиевтің өз есімін атасақ, артықболмас еді. Күні кеше ғана Балқаш көлінің жағасындағы ауылда өскен қарапайым балықшының баласы Еркеғали Рахмадиев — бүгін есімі бүкіл Одаққа, қала берді шет елдерге мәшһүр атақты композиторларымыздың бірі, ол белгілі қоғам қайраткері, һәм Үкімет мүшесі - Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, СССР Композиторлар одағы басқармасының секретары, Қазақстан Композиторлар одағының председателі, СССР халық артисі, Қазақ атындағы мемлекеттік консерваториясының профессоры.
Жас жағын ескерсек, ақсақалдық дәрежеге әлі де жетпеген, орта буынның деңгейіне енді ғана іліккен Еркеғали Рахмадиев өзінің творчествосымен, сан-салалы қайраткерлік ісімен қазірдің өзінде-ақ қазақ Совет музыкасының ақсақалдарының бірі боп отырғаны дүйім жұртқа белгілі. Алуан жанрда өнікті де өндірте жазып, жылдан жылға творчестволық қаламын ұстарта түскен Еркеғали Рахмадиев қазір Одақ көлеміне ғана емес, сондай-ақ шет елдерге де өзін еркін танытқан ойшыл да өрелі суреткер.
Әрине, мұндай творчестволық табыс, өзгеше өнер биігінен көріну екінің бірінің қолынан келе беретін оп-оңай дүние емес. Рас, аяқ астынан бағы жанып, бақыт шұғыласына шаш етектен малынып шыға келетін “ырыс” иелері де бола береді. Бірақ ондайлардың бақ жұлдызы өнер аспанында үзақ жанбай, тез ғайып болады... Тегінде шынайы өнер талантының із-жолы оңайлыққа түспесе керек. Мұндай табиғи таланттар музыка өнерінің бел-белесі, тосқауылы көп бұралаң жолында өкпесі өшіп, табанын тасқа тілдірсе де оған міз бақпай шыдамдылық көрсетіп, творчество азабының киындығына төтеп беріп, ақыры арман-мақсатына жетеді. Еркеғалиды осындай бейнетқор да өжет суреткерлердің санатына жатқызуға болады.
Бірде финнің үлттық музыкасының классигі Ян Сибелиустың тұстастарының бірі композитордың өз шығармасында нені бейнелейтінін сұрапты. Сонда ол қонақтарын терезе алдына шақырыпты да финнің сұлу табиғатын нұсқап көрсетіпті.
Бұл жерде финн классигінің творчествосына өз елінің сұлу табиғаты, халқыңың ой-арманы өмір бойы өзек болғанын айтпасақ та түсінікті. Жалғыз Ян Сибелиус емес, бәлкім қандай суреткерге де туған жердің тау-тасы, жайқалған орманы, өзен-көлі, халқының мақсат-мұраты, асыл арманы арқау-өрнек болса керек.
Еркеғали Рахмадиев Семей облысы Шұбартау ауданының 9- шы ауылында туғанымен оның ес біліп етек жапқан, алғаш мектеп есігін ашып білім алған, өскен-өнген ортасы бұрынғы Талдықорған облысына қарасты Бөрілтөбе ауданының “Үлгі” колхозы. Бұл - қазақ совет музыкасының классигі — Мұқан Төлебаевтың туған жері. Болашақ композитордың балауса қиялын, оның арманшыл балаң ойын осы бір өлкенің оятпасына кім кепіл! Еркеғали осы ‘“Үлгі” колхозында ер жетті, мектепте оқыды, болашақ композитор айналадағы табиғат көрінісіне көз тігіп, өмір тынысына құлақ түрді. Бала қиял көзге түскен құбылыстың бәрін қызықтады. Оған Балқаш көлінің дауылды күнгі асау толқыны да, тынық кештегі мың түспен құбылған жап-жалтыр айдыны да өзгеше сыр шерткендей сезілетін.
Дір еткен мөлдір тамшы да, жаңа ғана қылтиып көрінген ағаш бүршігі де сәби көңілді өзгеше куаныш сезіміне бөлейтін “Үлгі” жерінің төбе-төбе құмдары мен жыңғыл, жиде ағаштары да оған өзгеше сұлу боп көрінетін. Осы “Үлгі” колхозында мектеп есігін тұңғыш ашқан Еркеғали музыканың сиқырлы үнін де тұңғыш осы мектепте естігендей болды. Өйткені осы мектептің бір класы сол кезде Мүқан Төлебаевтың жүмыс кабинетіне айналған-ды. Каладағы қауырт өмірден, у-шудан қашқан Мұқан туған ауылына келіп, “Біржан-Сара” операсын жазуға кірісіп кеткен кез еді. Ол кездегі мектеп оқушысы Еркеғали күй сандыққа отырып алып, бөлме ішін неше алуан сиқырлы үнге бөлеген Мұқан ағаның өнерін сан рет тамашалағаны бар. Мұқан ағаның алдындағы қарға түскен күс ізі сияқты ноталық жазулар — ол кезде бала Еркеғалиға адам түсініп болмас, өзгеше құпия-сыры бар сиқырлы таңба сияқты болып көрінген-ді. Сөйтсе де өнерпаз ағаның саусағынан туған нәзік те лирикалық үн-саздары ол құмарта да ынтыға тыңдайтын. Кей-кейде ел аулақта, ауыл сыртына шығып ап, қолындағы домбыраға қосылып, әлде нені әндеткен Мұқан Төлебаевтың сүйкімді де қоңыржай үніне Еркеғали сан рет құлақ түрген. Бала қиял сол сырщыл үнмен ілесіп шарқ үратын, әлі өзіне де белгісіз өзгеше бір сұлулық әлемін кезіп кететін....
Мұның үстіне Еркеғалидың әкесі Рахмади да қара жаяу адам еместі. Жоқшылықта жарты құртты, бір қуырым бидайды көрші қолаңмен бөліскен, көңілінде татауы жоқ ақ көңіл Рахмадидің ағайын арасындағы қадір-қасиетін, абыройын қойғанда ол сөйлеп кетсе жұртты аузына қаратқан шешендігімен, суырып салма ақындығымен қашанда басқалардан төбесі биік дара көрінетін. Халық таланттарының бірінші республикалық слетінде ақындық өнермен жүлде алған Рахмадидің ел ішінде абыройы арта түссе де ол бұған дандайсыған да, мастанған да жоқ. Бүрынғы ақкөңіл, аңқылдақ калпынан көрші-қолаңға, ағайынға деген қайырымдылық мінезінен айныған да жоқ. Өз үйінде де, жиын-тойда да домбырасын шертіп, тасқындата жыр төгіп жүре берді.
Ақын әкенің, домбырашы әкенің әсері ме, кім білсін, әйтеуір Еркеғали бала күнінен ән-күйге, өлең-жырға құмар болды. Кішкентайынан өлең-жыр жаттап, әкесінің қарағайдан домбалдап шапқан қоңыр домбырасының айналасында шырғалақтай берді...
Иә, болашақ композитор сөйтіп, қаршадайынан қарапайым домбырасының ішегінен шыққан жүрек тебірентер қоңыржай үнге, сұлулық әлеміне әсершіл болды. Ыңғайы келсе-ақ әкесінің үлкен қоңыр домбырасын алдына симаса да өңгере құшақтап әлде нені тартуға талаптанды. — Талаптанып қана қойған жок, соңына - қоймай түсіп, ақыры аз да болса домбыра тартуды үйренді...
Балапан талаптың алғашқы талпынысын әкесі байқамаса да өнерпаз аға киядағыны көзі шалған қырандай қағыс жібермей бірден-ақ аңғарғанды. Бірде туған ауылына жолы түсіп тағы бір соққанда Еркеғали бойындағы ән-күйге, музыкаға деген кұштарлыкты, талап-талпынысты байқаған Мұкан Төлебаев:
- Шырағым, соғыс бітті. Елдің етек-жеңі кеңіді. Табиғат берген азды-көпті музыкалық талабың оқымасаң із-түссіз кетеді. Алматыға барып, оқуға түс. Оқу болғанда да тура музыкалық училищеге тарт! — деп ақыл-кеңес беріп, болашақ композиторға жөн сілтеп, демеп жібергенді...
Мұқан Төлебаевтың есі мен айтқан ақыл-кеңесі жас талаптың қиялын қанаттандырып, арманын алға сүйрей жөнелгендей болды. Жеті жылдық мектепті бітіре Еркеғали Алматыға тартты. 1948 жылы Алматының П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищесіне түскен Е. Рахмадиев училищенің екі бірдей бөлімінде қатар оқып, ақыры 1952 жылы, училищенің теория бөлімі мен халық аспаптар бөлімін (домбырадан) бітіріп шықты. Училищеде оқып жүргенде- ақ өз тұсына азды-көпті ән, шағын көлемді аспаптық шығармалар жазып талаптанған Еркеғали училищені бітірісімен Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына түсіп, атақты композитор, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР-інің халық артисі, профессор Евгений Григорьевич Брусиловскийдің класында композиторлық бөлімде оқыды.
Қазақтың профессионалдық музыкасының негізін салушылардың бірі болған майталман композитор Е.Г. Брусиловский өзгеше білікті тамаша үстаз да еді. Батыс Европаның, орыстың классикалық музыкасының тамаша дәстүрінде тәрбиеленген және сол музыкалық мәдениетті бес саусағындай жете білетін, әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихына да мәшһүр Евгений Григорьевич, қазақ халық музыкасының дәстүрін де, тарихын да, оның басқа елдің музыкасына ұқсамайтын ерекшеліктерін де бір қазақтан артық білмесе кем білмейтін. Казақтың халық музыкасына шексіз беріліп, халықтың сол музыкалық мұрасының негізінде өзінің композиторлық творчествосын, суреткерлік стилін, техникалық шеберлігін шыңдаған Евгений Брусиловский өз класындағы шәкірттерін де классикалық музыка мен қазақ халық музыкасының дәстүрінде баулыды. Әсіресе, қашанда көп нәрсені білуге, үйренуге жаны құмар ұстаздың айтқанын екі етпей қағып алатын шәкіртінің ерекше ыждағатын, талап-талпынысын, толассыз үмтылысын байқаған Евгений Брусиловский Еркеғалиды өзіндік бағдар бағыты, қол таңбасы, басқаға үқсамайтын стилі бар суреткер ретінде қалыптастыруға бар күшін салды.
Сөйтіп, 1957 жылы профессор Евгений Брусиловскийдің класы бойынша Алматы консерваториясының композитор бөлімін ойдағыдай бтірген Еркеғали Рахмадиев творчестволық өмірге жолдама алды. Шәкірттік өмірі артта қалды. Жазу процесінде бүрынғыдай күнбе күн ақыл беріп, жөн сілтейтін үстазың енді жанында жоқ. Өз ізденісің, өз ойың, творчестволық толғаныс- тебіренісің ғана таныта алады сені жүртшылыққд.
Қиындығы да қызығы да мол ізденіс жьшдары өте берді... Бірақ ол жылдар белгісіз, жеміссіз өткен жоқ. Студент кезінің, өзінде-ақ ыждағатты еңбегімен, ізденгіштігімен, музыка өнеріндегі өзіндік үн ерекшелігімен бой көрсеткен Еркеғали Рахмадиевтің есімі енді жүртшылыққа таньша бастады...
Еркеғали Рахмадиев ширек ғасырлық творчестволық өмірінің ішінде (егер алғашқьі туындьшарымен жүртшьшыққа 1957 жылы танылды деп есептесек) әр кезеңде жазған алуан жанрдағы творчествосымен қандай тақырыпқа жазса да соны ауырсыңбай еркін алып шығатын кёмелденген суреткер екенін күмәнсіз танытқан композитор. Музыкалық творчествода қаламы төселіп, машықганған кезеңін былай қойғанда Еркеғали ең алғаш тырнақ алды туындыларымен-ақ композитор екенін аңғартқанды. Еркеғалидың алғашқы шығармаларының бірі — “Балкдш кеші” хор поэмасының 1961 жылы Москвада өткен жас композиторлар творчествосының байқа>ыңда бірінші дәрежелі дипломға ие болуы — бүғанасы әлі бекімеген балауса композитордың суреткерлік мүмкіндігін музыкалық қауымға күмәнсіз танытқан еді.
Музыкалық творчестводағы алғашқы қадамын ән-романс, кіші-гірім аспаптық пьеса сияқгы музыкалық шығарманың шағын түрлерінен бастаған жас композитор бірте-бірте батылданып, драмалық шығармалар мен көркемсуретті фильмдерге музыка жазады. Мүның өзі ірі формада музыка жазудың алдын ала дайындығы сияқгы болды. Бертінірек келе Еркеғали симфониялық поэмалар мен кантаталар, симфония оркестрі мен жеке дауысқд және көп дауысты хорға арнап, алуан-алуан жанрда батыл қалам сілтейді. Композитордың 50-ші жылдарда жазған “Аманкелді” атты симфониялық поэмасы — ірі формада шығарма жазудың алғашқы талпыныстарының бірі еді. Бүл шығарма студенттік қаламнан туса да негізгі музыкалық ойыньің соньшығымен, батьшдығымен бірден- ақ назар аударды. Поэма форма жағынан артық-кемі, олпы-солпысы жоқ сомдап соғылған бір тұтас композициясымен, мәнерлі орестрлік үндестігімен ерекшеленеді. Поэманың ерлік рухқа толы толқынды тебіреністегі негізгі тақырыбы мен лирикалық әуендегі жанама тақырыбы іштей астасып, бірін бірі толықтыра түседі. Поэмадағы ерлік тақырыбы шығарманың орта бөлімі мен халықты” “Зәуреш” әнінің трагедиялық мелодиясы естілетін кульминациясында сәтті шешімін табады. Поэманың қортынды кодасы — азамат соғысының ардагері Аманкелді Имановтың ерлігін мадақтап барып тынады. Еркеғали Рахмадиев 1960 жылы “Толғау” атты келесі симфониялық поэмасын жазу арқылы өзінің симфонист композитор екенін емін- еркін мойындатты. Композитордың бұл шығармасын табиғат сұлулығын, шұғылалы шаттық көңілді, өмір бақытын музыка үнімен жыр еткен тебіреністі толғаныс деуге толық правомыз бар.
Е. Рахмадиевтің 50-ші, 60-шы жылдары жазған “Аманкелді”, “Толғау” атты симфониялық поэмалары композиторды” музыкалық жанрдың күрделі түрлерін емін-еркін меңгеруде өзгеше бір творчестолық трамплині сияқты болды. Осыдан соң-ақ ол заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 70 жылдығына арнап “Мұхтар-аға” атты лирикалық реквием-поэмасын”, “Дайрабай”, “Құдаша-думан”, “Орғытпа” деп аталатын симфониялық күйлерін, труба аспабына арнап “Концерттік скерцосын”, қазақ әдебиеті мен өнерінің Арменияда өткен декадасына арнап “Сәлем саған, Айастан”, В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу мерекесіне орай “Салтанатты кантатасын”, “Партия туралы ода”, “Конституция туралы поэма” атты вокальды- симфониялық шығармалардың бірінен соң бірін бората жазды. Және осы аталған шығармалардың кай-кайсысы да шеберлік тұрғысынан музыкалық әдебиетімізді байыта түскен келелі туындылар болды.
Е. Рахмадиев - әсіресе, қазақтың аспаптық халық музыкасына ғана тән қолтума дәстүрлі қазіргі профессионалдық формаларда творчестволық шеберлікпен еркін игерген төл шығармалары арқылы ерекше сурткерлік биігінен көріне білетін композитор. Мұндайда қазіргі профессионалдық музыкалық неше түрлі техникалық айла-төсілдері халықтың музыканы барлық жағынан байыта түседі де, сол халық музыкасының негізінде қазіргі заманның тілегіне сай музыкалық шығарма тудыруға, бірден-бір жағдай жасайды. Сөйтіп, Еркеғали Рахмадиев халық музыкасындағы үлттық дәстүр мен классикалық музыка өнеріндегі өзгеше бай тәжірибені шеберлікпен шеңдестіре отырып, қазіргі қазақ совет музыкасында симфониялық күй жанрын тудырған новатор композитор екенін айтып өтсек артық болмайды. Біздің бұл ой-пікірімізді композитордың труба аспабы мен оркестр үшін жазған Скерцосы, “Дайрабай”, “Құдаша - думан” симфониялық күйлері дәлелдей алады. Композитордың “Дайрабай” атты симфониялық күйі СССР Композиторлар одағыны” VI — пленумында (1966), Халықаралық Музыкалық Советтің Москвада өткен VII конгресінде (1971) ерекше табыспен орындалып, жұртшылық жүрегіне жол тапса, бұл шығарма 1973 жылы Лондонда өткен Совет мәдениеті Күндерінің концерттік программасынына да орын алды. 1973 жылы Алматыда өткен Азия елдерінің ІІІ-ші Халықаралық Музыкалық трибунасында іріктеуші Комитетінің шешімі бойынша Е. Рахмадиевтің “Дайрабай” симфониялық күйі бірінші орын алып, “Дүниежүзі радиостанциялары арқылы насихатталсын!” - деп ұсынылды. Композитордың “Құдаша-думан” атты симфониялық күйі де біздің елімізде де, шет елдерде де жиі орындалып жүрген, әлемге танылған совет композиторлары шығармаларының катарынан орын алады.
Е.Рахмадиев вокальдық жанрда да жемісті еңбек етіп, басқаға ұқсамайтын өз қолтаңбасымен көзге түскен суреткер. Композитордың қаламынан туған алуан тақырыпты қамтитын әндер мен романстар, көп дауысты хор шығармалары образдарының тасқа таңба басқандай ақындылығымен , әсерлі әуен-сазымен, халықтық рухымен дараланады. Композитордың ән творчествосынан біз Үлы Отан соғысының отты жылдарының жаңғырығындай боп естілетін шығармалары да (”Полктас достар, қайдасың?” — “Жеңіс әні”), бейбіт өмірді жыр ететін әндерді де (“Бақытты ана”, “Бейбіт өмірді аналар аңсайды”), адамзат бақытын, Ұлы Отанды, сол Отанға деген шексіз махаббатты жыр ететін әндерді де (“Туған ел”, “Коммунизм көктемі”, “Халықтар достығы”), т.б. алуан тақырыптағы әндерді кездестіреміз. Е. Рахмадиевтің “Таң самалы”, “Шаттық вальсі”, “Тарантелла”, “Әнші сыры”, “Алматы кеші” сияқты тамаша әндері Совет Одағының халық артистері Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, жезтаңдай әншіміз Жүсіпбек Елебеков пен Қазақ ССР- нің халық артисі Байғали Досымжановтардың репертуарынан орын алып, солардың сүйікті шығармасына айналды.
Рахмадиевтің көп жанрлы творчествосынан спектакльдер мен көркемсуретті фильмдерге жазылған жарасымды музыканы да кездестіреміз. Консерваторияны былай қойғанда, музыкалық училищені бітірісімен-ақ аға буын, орта буын драматургтерімізбен тығыз творчестволық байланыста болған Еркеғали сан-алуан пьселарға музыка жазып, өзінің алдына қатал творчестволық талап қоятын талғамы жоғары көмпозитор екенін байқатканды. Рахмадиев
Ілияс Есенберлиннің “Таудағы тартыс”, Қалтай Мүхамеджановтың “Куырдақ дайын”, Әбділда Тәжібаевты” “Диалогтар”, т.б. пьселарға музыка жазды. “Жаңа өмір жолы”, “Әкелердің жері”, екі сериялы “Атаманның ақыры”, “Транссибирь экспресі” атты көркемсуретті фильмдерінің музыкасы да Еркеғали Рахмадиевтің қолынан шықты. Және осы фильмдердің музыкасы жұртшылыққа кино музыкасындағы сәтті туындылар ретінде танылып, баспасөз бетінде лайықты бағасын алды.
Біз жоғарыда Еркеғали Рахмадиевті музыкалық өнердің әр жанрында шығарма жазып, өнікті еңбек еткен ойшыл суреткер дедік. Солай дей тұрсақ та композитордың творчестволық өзгеше ізденіс, керек десеңіз суреткер ретінде калыптасып, кемеліне келуі - опера жанры дер едік. Бұл жанрда ол күні бүгін маңдай терін аямай төгіп, өзгеше өжеттікпен еңбек етіп келе жатқан композиторларымыздың бірі. Қазір кемеліне келіп, суреткерлік қабілеті жан-жақты толысқан кезде жазған соңғы опералық шығармаларын айтпағанның өзінде Еркеғали Рахмадиев сонау 60- шы жылдардың басында-ақ бұл жанрдағы алғашқы тырнақ алды туындысы — “Қамар сұлу” арқылы өзін шынайы опера композиторы ретінде таныта білген-ді. Рас, “Қамар сұлудың” музыкасында автордың бұл жанрда ілгері буын қазақ композиторларының (әсіресе Мұқан Төлебаевтың) дәстүріне, стиліне азды-көпті еліктеуі байқалатын. Сөйтсе де жас композитор осы тұңғыш операсында бұл жанрға тән музыкалық компоненттерді (опералық өзекті арқау, вокальдық ансамбльдер, көп дауысты хор, ариялар, т.б.) дөп басып, алғашқы сыннан сүрінбей өткен-ді. “Қамар сұлу” операсының бір ерекшелігі — мелодиялық тілінің байлығы, әсерлігі. Операның музыкалық өрісін (драматургиясын) жүйелі дамыта отырып, композитор әр кейіпкердің көңіл-күйін, біріне-бірінің ара - қатынасын дүниеге деген көзқарасын бейнелейтін жарасымды да шынайы музыкалық тіл тапты. Жағымды жағымсыз кейіпкерлердің музыкалық образдары мен мінездемелері де көңілге қонымды.
В. Г. Белинский: “Драманың қаһарманы өмірдің өзі болу керек” десе, сол өмірде талас-тартыс, жеңіл-жеңіліс, қарама-қарсы күштердің бітіспес күресі бар. Ендеше, операда музыкалық конфликтің болуы да табиғи құбьлыс. “Қамар сұлу” операсындағы осы конфликт түрлі музыкалық образдар арқылы берілсе, олардың бір-бірінен ерекшелігін, ең алдымен вокльдық музыкадағы қарама- қарсы интонациялық саздардан сезіп білеміз. Осы интонациялық драматургиясының өзекті арқауы екенін аңғарамыз.
Операның басты кейіпкерлері - Қамар мен Ахметтің вокальдық партиялары халық музыкасы әуендес, эпикалық кең шолымдағы лирикалық сазда беріледі. Мысалы, Ахметтің 2-ші актідегі ариясы (“Ақын Қамар, сұлу Қамар, жаным Қамар”) жүрек түкпіріндегі толқын атқан тебіреністі сезімді ой тұңғилығымен шыққан жан тебіренісін білдіретін мөлдір мелодия сазына құрылған.
Ахмет пен Қамардың бірінші актідегі дуэті де (“Аяулым, жан құрбым”) опера клавиріндегі ерекше назар аударатын жан сезіміне толы әсерлі музыка. Бұнда — екі жастың мәңгі айрылмасқа берген анты, асыл арманы, махаббат жыры шынайы шешімін тапты. Тіпті Ахмет пен Қамар ғана емес, осы екі жастың жанашыры Балымның вокальдық партиясы да осы басты кейпкерлердің музыкалық бейнесімен үндес келіп отырады. Балымның 1-ші актідегі терең сезімде, тебірене айтатын ариясы (“Жасым көл, қайғым батпан, демім жалын”) мажорлық мәнерге құрылғанымен ол - қайғылы көңіл мұңы, бақытсыз жанның өмірге деген өкініш үні. Балымның осы ариясы мен бұған жалғас Қамар сұлу ариясының соңғы бөлімдерінде мелодиялық жағынан да, интонациялық жағынан да ұқсастық, рухтастық бар. Бұл мелодиялық әуен-ырғақтық ұқсастық Қамар мен Балымның тілектестігін ғана аңғартпайды, сондай-ақ - феодалдық заманда қалыңмал құрбандығы болған қазақ қыздарының аянышты өмірінің ұқсастығына мезгейді.
Операдағы жағымды кейпкерлердің бірі Омар болса — бұл да сәтті шыққан музыкалық тұлғалардың бірі. Композитор Омардың вокальдық партиясындағы лирикалық саздағы мелодия өрісі арқылы драмалық ситуацияларды сәтті суреттейді. Омардың бұл ариясында жалғыз топтың өкілдеріне деген өшпес кек те бар. Омар ариясынан сан түрлі сезім мен ой арпалысының үні құлаққа келеді. Бүл жерде “тағдырдың тәлкегіне тап болып, Герцогтың тұзағына түскен Джильдасының трагедиялық өмірі өзегін өртеген сорлы сайқымазақ Риголетто мен Омардың басына түскен қайғының айырмасы не?” деген де ой келеді тындаушы көрушіге. Әрине, бұл — Верди музыкасы мен Рахмадиев операсындағы Омар ариясының ұқсастығы емес, жалғыз қыздарына арашашы бола алмаған Риголетто мен Омардың аянышты да ұқсас өмірінен туған ассоциация ғана.
“Қамар сұлу” операсындағы жағымсыз кейпкерлердің музыкалық тұлғасы тақпақтық интонация характеріндегі қысқа, речитативтік мелодиялар арқылы шешім табады. Әсіресе, Нұрым образының музыкалық бояуы айқын да, мәнерлі. Сондай-ақ Қияқбай мен Түяқбайдың терме әуенін де Рахмадиев қызықты шығарды. Еркеғали өзінің опера жанрындағы жан-жақты творчестволық мүмкіндігін, ізденгіштігін сол алғашқы операсының көпшілік қатысатын жанрлық көріністердегі би музыкалары мен хор номерлерінен де айқын байқатып, ізденіс үстіндегі композитор ретінде шаң берген-ді. Әсіресе, операның соңғы актісіндегі хор Камар сұлудың трагедиялық тағдырымен іштей астасып жатады. Азалы да үрейлі музыка үні жанынды түршіктіріп, төбе құйқаңды шымырлатады, опера оқиғасының қайғылы жағдайда аяқталатынынан хабар береді.
“Қамар сұлу” операсының ұлттық театрымыздың сахнасында сәтті шығып, көрермендерге жол табуы жас автордың қанатын қатайтып, бұл жанрды одан әрі меңгерудегі сенімін арттыра түскендей болды. Еркеғали Рахмадиев енді композитор А. Бычков, Г. Гризбилдермен бірігіп, СССР-дың 50 жылдығына арналған “Даланың таң шапағы” атты операсын жазды. Операның негізгі идеясы — Жетісуда Совет өкіметін орнату жолындағы орыс және қазақ халықтарының қоян-қолтық күресін, олардың мызғымас достығын жыр ету. Қазіргі заман тақырыбына опера жазудың өзіндік қиындығына қармастан авторлар бұл сыннан да абыройлы өтті.
Еркеғали Рахмадиевтің 1973 жылы сахнада жарық көрген “Алпамыс” операсы — композитордың творчестволық ізденіс кезендерінің кемелденген жемісті шағына жатса керек. Өйткені бұл шығарма композитордың жеке басының ғана творчестолық табысы емес, қайта оның керісінше жалпы қазақтың ұлттық операсыңың дәстүрін одан әрі жарасымды дамытқан, оны жаңа деңгейге көтерген, 70-ші жылдардағы қазақ совет музыкасындағы кесек туында болғаны музыкалық қауымға аян. Сондықтан да болар, - “Советская культура” газеті 1978 жылғы алтыншы июньдегі санында ұлттық опера театрымыздың Москвадағы гастролі туралды жариялаған мақаласында Е. Рахмадиевтің “Алпамыс” операсын ерекше атап өтті: “...Қазақтың Абай атындағы академиялық опера және балет театры гастролінің СССР Үлкен театрының сахнасында ашьшуы — композитор Е. Рахмадиевтің “Алпамыс” операсымен басталды. Бұл — Отанға деген шексіз махаббатты, Өтан азаттығы үшін қиян-кескі күресті суреттейтін шығарма. Опера мелодиялық жарқын әуенімен, эмоциялық күш-қуатымен ерекше назар аударады. Композитор қазақ фольклорінің мөлдір бұлағынан сусындай отырып, неше алуан музыкалық образдармен конфликтік ситуацияларды тудыруға бар күшін салған.” - деп жазды.
“Алпамыс” операсы - өз елінің ар-намысы мен азаттығы үшін күрескен жас батырдың ерлігін, оның өз еліне деген шексіз махаббатын жыр ететін героика-эпикалық шығарма. Отаншылдық рухтағы терең тебіреністі идеялар мен шынайы сезімдердің ауыр жүгін композитор негізгі кейіпкерлерге көтертеді. Шынын айтсақ, осы монументальдық, батырлық - эпикалық шығармадағы басты кейңікер — музыка дер едік. Опера музыкасы бәрінен де бұрын ап- айқын ұлттық әуенімен, баяндау тәсілінің қарапайымдылығы және шынайылығымен, вокальдық партияларының әуенділігімен, эмоциялық күшінің пәрменділігімен ерекше назар аударады. Опера партитурасындағы эпикалық кең шолымды ариялар мен вокальдық ансамбльдер композитордың қазақ халық музыкасындағы ладтық ерекшеліктер мен әуен-ырғақтық негіздерді жете зерттеп, еркін музыкасындағы речитативтік (терме, желдірме) дәстүрдің тәсілдерін еркін пайдалана отырып, опера кейпкерлерінің әр қайсысының вокальдық партиясын барлық қырынан өнікті дамытады. Бұл тұрғыдан алғанда Алпамыстың термелеп келетін түсін, қолға түскен Алпамыс пен Тайшық ханның шағын дуэтін атап өтсек те жеткілікті. Басқа кейіпкерлерді бьлай қойғанда автор Тайшық хан мен Мыстан өзіне музыкалық жағынан мінездеме бергенде жан-жақты тәптіштей суреттейді. Қатігез де зұлым, қорқаудай қомағай да қоян жүрек қорқақ Тайшық-хан мен алуан айласы мен қара ниет зұлымдық ісінде шек жоқ Мыстанның музыкалық мінездемесін естігенінде жаның шошиды.
Операның бірінші қойылымында музыкалық мінездеу жағынан Тайшық хан мен Мыстан образы жағымды кейіпкерлердің образынан басыммырақ суреттелгендей сезілетін. Кейін, операның 2-ші редакциясында композитор спектакльдегі Алпамыс, Гулбаршын, Ана т.б. жағымды кейіпкерлердің музыкалық образына соғып, бұрынғыдан да толықтыра, ширықтыра түсті. Сөйтіп, композитор операның 2-ші қойылымында жағымды кейіпкерлердің арияларының тынысын кеңейтіп, халықтық сахналар мен би эпизодтарын бұрынғыдан да жандыра түсті, вокальдық ансамбльдер мен хор номерлері полифониялық шешімін тапты. Сөйтіп, опера драматургиясының музыкалық өзекті арқауы ширығып, тұтастай алғанда монументтік дәрежеде сомдалды. Қорыта айтқанда, Е. Рахмадиевтің “Алпамыс” операсы - музыкалық образдарының ұлттық типтілігімен, эмоциялық күш-қуатымен, өзекті драматургиясының өрістілігімен ерекшеленетін батырлық рухтағы кесек шығарма.
Композитор Еркеғали Рахмадиевтің соңғы жылдардағы өзгеше творчестволық зор табысы — белгілі драматургіміз Қалтай Мүхамеджановтің либреттосына жазған “Тың тынысы” операсы. Бұл шығарма — бәлкім кезіңде совет опера өнерінің дамуында елеулі роль атқарған совет композиторы И.И. Дзержинскийдің 1937 жылы СССР-дер кезі болса керек.
Бұұл күнде совет музыкасының аса көрнекті өкілдерінің бірі болып отырған майталман суреткеріміз — Еркеғали Рахмадиевті әлі де өнер өрінен көріп, шабытының самғай беруіне кәміл сенеміз. Талант талабы соған жүктейді.
1982 ж.