ПУБЛИКАЦИИ

Post Image

ШАБЫТ ПЕН ШЕБЕРЛІК


Күні кешегідей есімізде қалыпты. Совет композиторларының VI съезі өтіп жатқан күндерді бірі болатын. Кезекті концерттердің бірінде П.И. Чайковский атындағы сәулетті Үлкен залда Еркеғали Рахмадиевтің “Конституция туралы поэмасы” орындалды. ұлы ақын Жамбылдың сөзін арқау еткен тың шығармаға еліміздің жер-жерінен келген, музыканың небір ығай мен сығайлары айрықша сүйсініп қол соғып еді. Біз сонда осы бір сәтті қазақ музыкасына көрсетілген құрмет ретінде қабылдағанбыз.

Ойлап отырсақ, Еркеғали творчествосында ел мерейін асырар мұндай кезендер, асу белестер аз емес те екен. 1973 жылы Азия елдерінің III музыкалық бас қосуында орындалған Е. Рахмадиевтің “Мерекелік күйі” бас жүлдеге ие болып, ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық эфирге жолдама алғанын білеміз. Сөйтіп, композитордың туған елі, Октябрь нұрымен бақытқа бөленген халқы туралы жүрегінен кәусардай қүйылған асыл әуені жүмыр жерге күлақ түргізіп еді. СССР-дің халық артисі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Еркеғали Рахмадиев қазірде таланты толысқдн кемел шағында.

Небары осыдан жиырма жыл бүрын ғана Алматы консерваториясын бітіріп, сол жылы Бүкілодақтық байқауда “Балқаштағы кеш” атты хорға арналған поэмасымен Бірінші дәрежелі дипломға ие болған Еркеғали содан бері бір сәт шабыт түғырынан түспестен талантын тасқа жанығандай қайрат көрсетіп келе жатыр десек, әсіре сөз бола қоймас. Бүған оның таланты тудырған толымды еңбектері ең алдымен жарқын айғақ бола алады.

Талант та қайнар бұлақ секілді. Оның мөлдір көзін сәті түсіп аялы бір қол аршып жіберер болса, сол кәусар бұлақтың өрісі де үзақ. Ал Еркеғали талантын қаз бастырып, қанат қақтыруда Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский сияқты музыка әлемінің саңлақтары айрықша ықпал еткен. СССР халық артисі, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаев өзінің әйгілі “Біржан-Сара” операсын шалғайдағы туған колхозында жазу барысында қара пианиноға үзақты күн телміре кұлақ түріп, қаршадай Еркеғали қасында отырады екен. Бүл, әрине, айтуға ғана жеңіл мысал. Әйтпесе кез келген жас талаптың тілейтін бақытты шақтары осындай-ақ болса керек қой. Өйткені, мүндай сәттің шапағаты мол Сара” операсындағы тамаша дәстүрді” жолбасшы болғанын ұдайы мақтанышпен айтып отырады.

Көп жанрда жазатын Е. Рахмадиевтің жоғары идеялык маңызға толы, көркемдік құндылығы биік, асқақ та шынайы тебіреніске бай музыкасы Советтік Отанымыздың ұлылығын, туысқан халықтардың мызғымас берік достығын, туған жер табиғатының әсем көркін паш етеді. Композитордың туындыларында бүгінгі өскелең уақытымыздың таңғажайып өзгерістері, жарқын келбеті, алдыңғы катарлы, озық мәртебелі мұраттары нақтылы көрініс тапқан.

Е. Рахмадиевтің музыка өнеріндегі жетістігі, әсіресе, қазіргі заміан тақырыбына арналған туындыларында айқын көрінеді. Шын мәнінде жүректен шыкқан, уақыт биігіне үндес оның музыкасында бүгінгі өміріміздің тарихи белестері терең де, жан-жақты да суреттеледі. Автордың вокальдық, оркестрлік және басқа да жанрларда жазылған шығармалары бұған айғақ бола алады. Жоғары сезіммен жазылған патриотизмге толы еңбектерінде Композитор халқымыздың рухани және қоғамдық орнын айырып, бейбіт еңбектегі ерлігін сиқырлы музыка тілімен жарқын көрсете алады.

Е. Рахмадиевтің көп ізденіп, тынымсыз еңбектеніп, көтеріңкі шабытпен шұғылданып жүрген музыкалық жанрының бірі — опера. Оның операларынан сахна сырын жетік меңгерген драматургиялық және композиторлық тілі бай суреткердің сенімді қолтаң басы айқын көрінеді. Қазақтың музыкалық театр сахнасында оның “Қамар-сүлу” операсы жиырма жыл бойы түспестен қойылып келеді. Ал, 1978 жылы СССР-дің Үлкен театрының сахнасында орындалған “Алпамыс” операсын бірауыздан көп ұлтты совет музыкасының толымды табысы ретінде мойындалған болатын. Осыдан кейін іле-шала Ұлы Октябрьдің 60 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқау конкурста “Алпамыс” операсы СССР Мәдениет министрлігінің Бірінші дәрежелі дипломына ие болды. Бұл операның композициясына тән қасиет — оның формасының күрделілігі, сюжеттік желісінің көп арналылығы. Прологтан, эпилогтан және төрт бөлімнен түратын операның сюжетінде еліміздің өткен дәуіріндегі қиын-қыстау өмірі, ел бақыты үшін күрескен батырдың азаматтық тұлғасы жарқын көрінеді.

Композитордың бұл туындысында тартымды жағының бірі - музыкалық әсем әуенділігі, мелодиялық байлығы, жан сүйсінерлік ұлттық колориттің молдығы. Операдағы күрделі вокальдық және оркестрлік формалар халық музыкасына тән ырғақтармен безендірілгең. “Алпамыс” операсы өзінің көркемдік құндылығы, идеялық мәні мен музыкалық шешімі арқылы бүгінгі күннің биік талаптарына сай туған күрделі шығарма. Оның азаматтық және актуальды мазмұны Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке баулиды.

Е. Рахмадиев — суреткер ретінде үдайы ізденіс үстінде жүреді. Соны көркемдік шешімдерге батьл құлаш ұруы оның бойындағы сүйсінерлік қасиет. Мұның жарқын айғағы ретінде оның соңғы операсы “Тың тынысын” атауға әбден болады. Мұндағы тақырып жаңалығы, жанрлық және стильдік сонылық оқиғасының көп тармақты болып келуі - шын мәнінде ел өміріндегі ауқымды істі музыка тілінде бейнелеу ниетімен туған қасиет. Оның өзі сәтімен жүзеге де асқан. Талантгы суреткер Е. Рахмадиев бүл операсында халқымыздың қажырлы да жемісті еңбегін мадақтауды басты тақырып етіп қазақтың опера сахнасында түңғыш рет Совет елінің коллективтік образын сомдады.

Е. Рахмадиевтің творчествосын сөз еткенде оның ұшқыр қиялынан туған толымды еңбеккер музыкалық өміріміздегі жетекші жанрлардың бәрін дерлік камтитын атап айтқан жөн. Әсіресе, симфониялық күй жанрының негізін салушы Еркеғали десе де лайық Оның жұртшылық сүйіп тыңдайтын “Дайрабай”, “Құдаша-Думан” симфониялық күйлері осы жанрдың алғашқы карлығаштарының бірі іспеттес.

Еркеғали Рахмадиевтің творчествосын оның педагогтык және қоғамдық жұмыстарынан әсте айырып карауға болмайды. Ол Алматы консерваториясының профессоры, жас таланттарды тәрбиелеуде өзінің күш-жігері - мен қабілетін сарқа жұмсайды. Коммунист композитор Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты ретінде де келелі істердің басы-қасынан табьшып отырады. Сонымен бірге оның Казақстан Композиторлар одағы басқармасының председателі, СССР Композиторлар одағының секретары ретіндегі қызметі де азаматгық іскерлігі мен жауапкершілігінің де бір пара үлгісі іспеттес. Бұл күндері ердің жасы 50-ге келіп, өзінің творчестволық нағыз толысқан шағына жеткен Еркеғали Рахмадиевтің Советгік Казақстан өнерін әлі де талай-талай тартымды туындылармен байыта беретініне еш күмән жоқ.

Тамыз, 1982 ж.