ПУБЛИКАЦИИ

Post Image

ТАЛАНТ МЕРЕЙІ

С. Мұхамеджанов

Үйдің іші лық толы адам. Көбісі жастары он екі — он төрт шамасындағы балалар мен алпыс —жетпіс шамасындағы үлғайған адамдар. Бұлар ауылдың “музыкалық театрын” көріп отыр. Бүгінгі спектакльдің аты — “Алпамыс дастаны”. Бір таңғаларлық жай: бұл “спектакльдің” режиссері, барлық кейіпкерлері, орындаушысы, оркестрі бір-ақ адам. Ол сонау сұрапыл соғыс жылдарында ауылда қалған кариялар мен әкелері майданға кеткен жас ұрпақтардың көңілін көтеруші, табиғатынан дарыны мол, ел ағасы Рахмади еді.

Рақаң ел арасына көп тараған: “Қыз Жібек”, “Қобыланды”, “Алпамыс” сияқты көптеген қиссаларды жатқа айтатын. Рақаңның бір тамаша қасиеті сол қиссаларды бір сарын, бір мақаммен емес, әр кейіпкердің өзіне лайықты әуенімен айтатын. Сол кеште “спектакльдің ұйып тыңдаушылардың бірі Рақаңның кенже баласы Еркеғали болатын. Тағы да айта кетерлік бір жағдай: ол кезде халқымыздың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевтың ауылы мен Еркеғалидың ауьшы қөршілес еді. Жас Еркеғали Мұқан аулына жиі барып, жаңадан шыққан ән, күйлерді тыңдап қайтатын.

1948 жылы ел арасынан халық таланттарын іздеу үшін Семей облысына барған қазіргі Қазақ ССР халық артистері Нүрғиса Тілендиев пен Бекен Жылысбаев Еркеғалидың ауылына соғып, жас талаптың музыкалық қабілетін ерекше бағалап, оны Алматының П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесіне алып келді. Сөйтіп ауылдан халық музыкасының асыл қазсынасын бойына сіңіріп келген Еркеғали училищеге кабылданып, музыкалық арнаулы білім ала бастады.

Еркеғали музыка училищесіне домбыра мамандығында оқи жүріп, өз бетімен алғашқы әндерін шығарды. Оның алғашқы әндерімен танысқан белгілі композитор Латиф Хамиди Еркеғалидың бойындағы композиторлық қасиетін бірден байқап, түбінде осы мамандықты игеруіне жол сілтеді.

Еркеғали 1951 жылы Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының композиторлық факультетіне кабылданды.

Қазақтың профессионалдық музыкасының іргетасын қалаушылардың бірі, әрі тәжірибелі ұстаз Е. Г. Брусиловскийдің класына түскен Еркеғали композиторлық мамандықтың сан түрлі сырларын меңгере бастады. Бұл жылдары жастарымыздың алшақтығына қарамастан бір ұстазда, бір факультетте оқыдық та, Бақытжан Байқадамов, Қапан Мусин, Құдыс Қожамьяров, Еркеғали Рахмадиев бәріміз бір-бірімізбен жиі кездесіп, бір-біріміздің шығармаларымызды бірге тындасып жүретінбіз. Сол себептен де Еркеғалидың консерватория жылдарындағы туындылары маған түгел дерлік белгілі. Бұл жылдары Еркеғали көптеген ән, романстармен қоса: “Аманкелді” (симфониялық поэма), Құрманғазы оркестріне арналған “Қазақстан” атты поэма, “Ләйлім” әніне вариация, тағы көптеген шығармалар жазды. Консерватория жылдарында Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев сияқты аға буын композиторлардың еңбектеріне қанық болды. Әрине, батыс және орыс классиктерінің шығармаларына да ерекше көңіл бөлді.

1957 жылы консерваторияны үздік бітірген Еркеғали білімін одан әрі толықтыру үшін Москва консерваториясына барды. Онда үлкен ғалым, Г. И. Литинскийден сабақ алды. Москвада болған жылдары Еркеғали Москва консерваториясының кіші және үлкен залдарында, П. И. Чайковский атындағы залда болған концерттердің бірде-бірін құр жібермейтін. Әрине, бұл концерттерге бару, театрлардағы спектакльдерді көру тек жайдан жай тамашалау ғана емес, болашақ үлкен өнер иесінің білім қорын молайту, тәлім- тәрбие алу жолдары.

Еркеғали Москвадан қайтқаннан кейін маған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” поэмасы бойынша опера жазғалы жүргенін айтты (мен ол кезде Композиторлар одағы баскармасының председателі болатынмын). Еркеғалидың бұл ойын: Мәдениет министрлігі, Опера театры, Композиторлар одағы кызу қолдады. Сонымен 1963 жылы Еркеғали Рахмадиевтің бірінші операсы “Қамар сұлу” дүниеге келді. Еркеғали Рахмадиевтің күрделі музыкалық шығармалар жазу жолы басталды. Өйткені, опера жазу — музыка жанрларында кездесетін вокальдық (ән, романс, хор, дуэт, ария), аспаптық (кіріспе, увертюра, антракт) шығармаларындағы барлық форманы меңгеру деген сөз. Ендігі мақсат әрбір жаңа туындыларда творчестволық шеберлікті әлі де болса жетілдіре түсу болды. Сол мақсатпен “Труба мен оркестрге арналған скерцо”, “Айастан” (кантата), “Партия туралы ода” сияқты көптеген елеулі шығармалар жазды.

1970 жылы Е. Рахмадиев “Алпамыс” операсын жазуға кірісті. Бұл сәтте сонау бала шақта әкесі Рахмади айтқан “Алпамыс” дастанындағы барлық уақиғалар, кейіпкерлер тағы да көз алдына елестеп, творчестволық елегінен бір-бірлеп өтіп жатты.

Творчестволық үлкен табыстан қанаттанған композитор содан кейін “Құдаша—думан” (симфониялық күй) және “Конституция туралы поэмасын” жазды. Бұл шығармаға 1980 жылы Казақ ССР- нің Құрманғазы атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Е. Рахмадиев сол жылы тың игерушілерге арнап “Тың тынысы” операсын жазды. Бұл шығарма да көрермендердің жылы бағасын алды.

Е. Рахмадиев: “Өмір жолы”, “Ата-баба жері”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі” фильмдеріне, көптеген драмалық спектакльдерге музыка жазды. Ол жазған опералар Одақ көлемінде жақсы бағаланып, симфониялық күйі “Дайрабай” 1973 жылы Алматыда өткен Азия халықтарының үшінші дүниежүзілік трибунасында бірінші орынға ие болды. "Дайрабай" күйі дүние жүзі радиостанцияларының бәрінде орындалуға жолдама алды.

Еркеғали Рахмадиев кең тынысты композитор болумен қатар қоғам қайраткері де. Ол 1959-1962 жылдары Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының көремдік жағың басқарушы, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының директоры (1966-1967 жж.), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры (1967-1975ж.ж) сиякты жауапты қызметтер атқарды. Ал 1968 жылдан бері Казақстан Композиторлар одағы басқармасының председателі және СССР Композиторлар одағы басқармасының секретары, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, Еркеғали Рахмадиев алдынан бірнеше жас мамандар тәрбиеленіп шықты. 1981 жылы жоғарыда айтылған творчестволық, әрі қоғамдық еңбектері үшін оған СССР халық артисі деген құрметті атақ берілді. Ол Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі. Бірнеше рет орден, медальдармен наградталған. Әрине, бұл. шағын суреттемеде Еркеғали Рахмадиевтің мол творчествосына әм қоғамдық қызметтерін жан-жақты қамту мүмкін емес. Тек, ердің жасы елуге толған торқалы той үстінде үлкен таланттың мерейлі еңбек жолдарын ойша шолып, Еркеғалиға мол творчестволық табыс, зор денсаулық, сарқылмас шабыт тілегіміз келген еді.

Шілде, 1982 ж.