ПУБЛИКАЦИИ
ЕРКЕҒАЛИДІҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ
Музыка мәдениетіміздегі алтын діңгектің бірі Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидың "Абай” операсын дербес қойғанда, Абай мұрасына ат ізін салмаған ірі композиторлар кемде-кем. Абай поэзиясының биіктігі, Абай ойының тереңдігі, Абай парасатының кеңдігі кай ұрпақтың болса да тума таланттарының тәнті-таразысы, өнер өлшемі, үлгілі ұстазы, құлдық ұрар құбыласы бола бермек. Өйткені, өнердегі арғы-бергі ұлы тұлғалардың пешенесіне тарих- тағдыр басқан таңба сол. Сол таңбаға тәжім етіп, тағлым алмас саналы пенде сирек.
Осы үрдіске о бастан жүгінген композитор Еркеғали Рахмадиевтің балаң шәкірт кезінде бұдан отыз бес жыл бұрын Абай тақырыбына баруы — оның батылдығынан гөрі аруақты атасының құдіретіне бас иіп, бата тілеуіне көбірек келеді. Оның өз өзегінен жарып шыққан тұла бой тұңғышы фортепианоға арналып жазылған “Абай сарыны” атты поэмасының бүкіл болмысы осы айтылған пікірге дәлел.
Бүгінгі айтулы композитор кезіндегі ынта-ықылас, емеурін- тілектен туған “Сарынның” саяздығын тәрік етіп, кемеліне келген шағында кемеңгер атасымен қайта сырласуға пейіл қойыпты. Жуырда біз тыңдаған Абайдың жеті өлеңін негізге ала жазған романстар циклымен Еркеғали өз творчествосының бір белесінен ата алдындағы парызды өтеу сипатын танытты. Әлбетте, қазақ халқының бай музыкалық мұрасындағы ән мен күйлерге европалық ұғымдағы жанрлық жігін белгілейтін аттары қойылып, айдары тағылмағаны белгілі. Сүйте тұра кей күйлерінде симфонияның өрісі, кей әндерінде романстар желісі жататындығын музыка мамандары әлдеқашан дәлелдеген. Демек, романстың тамыр-табиғаты бір ғана импульсті жалаңқабат әннен гөрі, асқақ сезім, астарлы ойдың сабырлы сазынан туындайтын толғау-сырласу болса керек.
Абай поэзиясын жасынан жаттап өскен Еркеғали цикл арқауын ақынның философиялық ой тұжырымындағы көңіл күйінің қысы мен жазына, қоңыр күзі мен шуақты көктеміне куәлік етер дүниелеріне құрыпты. Мүнда да композитор өзі ден қойған өлең текстерін бастан аяқ көгендеп жатпай Абай толғанысының байыз тапқан микродрамалы шумақтарын сұрыптап алып, циклдың ішкі динамикасын сақтай отырып, сырттай түтастығын табуды мүрат тұтқан.
“Сөз түзелді тыңдаушы сен де түзел” демекші, классикалық романстар мен әйгілі халық әндерін орындауда көпке танымал талант Әбшев Шахмардан (лирикалық баритон), жас пианистка Ахметова Индираның күрделі еңбектің қүрмеуін табуда көп еңбектенгені байқалады.
Ә дегеннен пианинодан самарқау-сараң аяңмен басталған әуен әуезге айналып, бабындағы байсалды үннің оңаша сырласудан ортақ мүңға бет алған арнасы ашьшады. Түңғиықтан шымырлап оянған жан толқыны айдынға шығып “жақсылығы” күнде ұмыт, бір жаңьшсаң болды кек” сан бояулы саздың бойын жайлап алып, жардан опа көрмей, достан жапа шеккен жаралы жүрек, жадау көңілдң шер-шеменінен сыр шертеді. Осыдан туындап опық- өкініші мол “көңілім қайтты достан да, дұшпаннан дағы” тұрлаусыз өмірдің тиянақсыз тірлігінен түңілу, күдер үзумен күңгірт дүниенің күрсінісіне тап боламыз. Қаншама “көңіл құсы құйқылжар шартарапқа” десек те, алғашқы екеуінің ауыр мұңынан бой ала алмай отырғанда, ащы мысқыл, айыптау әжуасы аралас “қалың елім, қазағым, кайран жұртыма” килігеміз. Аз уақыттың ішінде зар шегіп, запран төккен сорға сүрініп, соққыны көрген әзиз жанның азалы үнін бастан кешкендей күйге енесіз. Бұл төртеуінің музыкалық шешімі, орындалу мәнері әр қилы, сан бояулы болғанмен байламы бір. Абай басындағы қасірет рухани жетімдік, заманынан көрген азабының шежіресі сипаттас. Композитордың да, орындаушының да бұл сапардағы табысы да, таразысының басым жағы да осы төрт романста жатқан сияқты. Жарқын бояу, жадыра көңіл табам деген “жаз” суреттері бір сәт сергіткенмен, “Сіз қырғауыш жез қанат” пен “Қара қатыннан” ондай салмақ сезілмеді. “Жігіт сөзіндегі” Абайдың өз әнімен танымал шумақгардың аяқ жағындағы сыр-сыбырсыз жабықтан сығалағандай жайдақ нәпсіңің жария құлқынын қуалап кететін тұстарын композитор тиек еткенін үлкен шығармаға үлес қосып тұр дей алмаймын. Сондай-ақ, онсыз да сорлы “Кара қатынның” аяныштан гөрі ажуаға айналып кенкенінде осындай тұтас дүниені” табиғатына дәл қәзір жарасып қалған екен деуге аузым бармайды. Бүлар циклдің жалпы рухынан тамыр тауып, табиғи кірігуі үшін композитордың да, орындаушылардың да елегінен қайта бір өткені абзал ма деймін. Өйткені, көп ізденуден сәтімен туған Еркеғали еңбегін құттықтай отырып, ортақ игіліктің мүддесін ойлағанымыздың да оғаштығы бола қоймас.
Асьшында өнер атаулының оңайы жоқ десек те, соның ішіндегі тылсым — теория, жұмбақты жік-жүйесі, қат-қабат құпиясы мол сала — музыканың бүкіл сыр-сипатын меңгеріп, қашан зейнетін көргенше кешер бейнетін басына түскендер ғана білер. Кейде татай тума таланттардың “әлеләйлімнен” әрі аса алмай қалғандары да мұның инемен кұдық казғандай еңбегіне қыры, бүрге тағалағандай бейнетіне шыдамы жетпегендіктен-ау деген ой оратады.
Осы тұста Абай сапарынан табыспен оралған Еркеғалидың үлттық музыка мәдениетіміздің кеңейіп, қазынасын байытудағы орасан еңбегін тағы бір еске алу парыз. Еркеғали творчествосы ғылыми зерттеу, сын-талдау таразысына түскеніне де біраз уакыт болды. Ән, романс, симфониялық поэмалардан бастап, көбінің жүрегі даулап, тәуекелі жете бермейтін өресі биік, өрнегі қиын операға дейін Еркеғалидың жамбасына келіпті. Айтулы адамдарына “о бастан өнер қонған” деген хатық тұжырымы бар. Бүл да тегін айтылмаса керек. Жөргегінен қуаныш-тілек аралас бесік жырларымен, ақын-күйші әкенің от басындағы өнеге-өсиетімен, аспанын Абай аруағы билеген қасиетті топырақта, тәй-тәй басқан Еркеғалидың сәби санасына үйыған киелі нәрдің көсегесі көгеріп, өркені өсуі - әлгі айтқан ыждағатты еңбек пен іргеді білімнің арқасы. Континенталдық жарыстарда жүлдеге ие болған “Құдаша- Думан”, “Дайрабай” атты симфониялық күйлері шығысы Токио, батысы Лондон, арғы Америка, бергі Азиядан қалың тыңдаушылардың қошемет-қүрметіне бөленді. Өнер саласында халқымыз мақған етер бір олжа осы деп білем.
Әлбетте, музыка маманы болмағандықтан көп жанрлы Еркеғали творчествосының табиғатын жыға танып, тамырын дәл тауып таратып жатарлық шама менде жоқ. Сондықтан сұңғыла сыншылардың “Еркеғалидың творчестволық әдісі - халықтың ән- күйлерінің үздік үлгілерін негізге ала советтік реалистік музыканың бүгінгі биігінен қарап әр-ажарын табады” дегеніне жүгінем. Өйткені, біз тыңдаған романстардан Абайдың өзі еркелетіп, құлдық ұра қошемет тұтқан Біржан, Әсет әндерінің айшығын сезем. Бүгінгі композиторларымыздан көбіне жетпей жатқан осы қасиет болса керек. Сөз орайы келгенде ескерсек, “бүгінгінің биігінен” демекші, тым биіктеп кеткен кейбір жастарымыздың шығармалары ата-тегі белгісіз СЖК-ның қозьшарындай өмірі қысқа боп жүрген қасіретін де ұмытпаған жөн. Ондағы дауыс па, даңғаза ма, үн бе, үркіту ме, ырғақ па, ыңырсу ма, сандырақ па, әуен бе, әңгілік пе - әйтеуір, ара жігін табу қиын-ақ. Тыңдай отырып ренжимін. Жұрттың жүрегінің бәрі өкпеге, құлағының бәрі киізге айналып кетпеген шығар. Мұндайда жас композиторлар: М. Глинканың “Создает музыку народ, а мы, художники только ее аранжируем”, - дегенін анда-санда болса да ескеріп жүргеннен зиян шекпес.
Еркеғали талайтының бір тағлымы — оның шығармаларындағы халықтық сипат, ұлттық бояудың айқындығында. Бір “Алпамыс” операсындағы “Көк жендет”, “Майда қоңыр”, “Угай-ай” секілді халық әндерінің профессионал музыка үлгісімен үйлесім тауып, әрбір драмалық ситуацияға сай шебер пайдаланғанын айтсақ та жеткілікті. “Құдаша-Думан” мен “Дайрабайдың” дүние жүзін аралап кеткендігі де осы халықтың қасиетінің арқасы.
Еркеғали жазған төрт операның біреуінің тұсында маған қаламдас болуға тура келді. Сонда аңғарғаным - өз мамандарының ұңғыл-шұңғылына жетіктігі өз алдына, Еркеғали халқының тарихын, ауыз әдебиетінің даму бағдарын ешбір жазушыдан кем білмейтін боп шықты. Өлең жазудан да құр алақан емес екенін сонда байқадым. Бұл енді кез келген композитордың бойында кездесе бермейтін қасиет. Еркеғалиды өзіміз куә болған жаңа еңбегімен құттықтай отырып, замандас досқа халық игілігі үшін бұдан былай да зор табысқа жете беруін тілеймін.