АРНАУ, КҰТТЫҚТАУ (50 жасқа толуына орай, Ш. Макашев)

Ш. Макашев

АРНАУ, КҰТТЫҚТАУ

(50 жасқа толуына орай)

Шұрайлы өлке Шұбартауымның үланы,
Өлең мен жырдың аққайнар мөлдір бұлағы.
Сәлеммен Сізге өзіңнің туған жеріңнен,
Өнердің заңғар биікте өскен шынары.


Сәлеммен Сізге қадырлы ұлы халықтың,
Музыка үшін өзгеше туған алыпсың.
Табиғат берген таланттың отын маздатып,
Өзіңді бүкіл әлемге бүгін таныттың.


Сом тұлғаң мына, әуеннен әсем жаралған,
Қазақтың інжу-маржандарынан нәр алған.
Сондықтан сенің жұлдызың жанып жоғары,
Сондықтан сенің атағың алыс таралған.


Сиқырлы саздар бойыңды билеп жасыңнан,
Әдемі ән боп таралып жатты басыңнан.
Өнердің байтақ өлкесін еркін игерген,
Талайлар сенің талантыңа бүгін бас үрған.


Дамыттың небір саласын үлттық өнердің,
Әлемнің үздік ойшьшдарымен теңелдің.
Еңсесі биік мақтаны болдың сен елдің.
Өнерге менде өзіңмен бірге кенелдім.


Ержетіп бірге еліңнің өткелдерімен,
Сөйлеттің Еркеш бүгінін, өткендерімен.
Естілгенінде ауылың қандай куанды,
“Құдаша — думан” Лондонның биік төрінен.


Эпостық жырдың сырына терең бойладың,
Опера етіп жазуды ерте ойладың.
Тіріліп қайта ариясын айтты “Алпамыс”,
Жүзеге асып өзіңнің асыл ойлары.


Қиын ғой шіркін толқымай кейде тұру да,
Қақым жоқ менің шындықты теріс бұруға.
“Мереке күйің көңілін көпті” көтеріп,
Ғашық боп жатты кейбіреу “Қамар-сұлуға”.


“Аманкелді”, “Ләйлім”-дер қайта оралып,
Эфирге шықты “Жаңа өмірге жол” алып. 
“Таң самалы”, “Туған ел”, “Әнші бақыты”,
Қолдауын тапты, жүрекке терең таралып.


Қуаныштан көңілдер шалқып тулады,
Қуаныштан талайлар көзін сулады.
Орындалғанда түрегеп кеттік отырмай,
Дастаныңыз “Конституция туралы”


Әбсәтте бүкіл Одақтың жерін аралап,
“Тың тынысы” туынды болды ғаламат.
Қол соқты барлық адал ниетті адамдар,
Қарсы алды елің алтынға оны бағалап.

Жырлай білдің сен Отанның елдігін,
Жырлай білдің сен еңбегі менен ерлігін.
Сол үшін де халықтар құрмет көрсетіп,
Төбеге күндей көтерді сені ел бүгін.


Қай халық қашан өнерді сүйе білмепті,
Біз үшін сенің есімің әмсе құрметті.
Орындап жүрсің халқыңның аманаттарын,
Орындап жүрсің жүктелген үлкен міндетті.


Білеміз біздер сенімдер талай өтелген,
Жүктердің ауыр өнерлі жолда көтерген.
Одақта озық ие боп жүрсің даңққа,
Абыройлы болып оралып жүрсің шет елден.
Өнерге құмар, өлеңге құмар халықтың,
Ойында Еркеш орнығып мәңгі алыпсың.
Рахмет саған мүхиттың арғы жағына,
Қазағыңды бір ғаламат етіп таныттың.

Қайраткер ғалым, өнердің өрен дүл-дүлі
Өнерпаз елің: ерекше туған бұлбұлы.
Қадырың сенің ақбасты Алатауындай,
Мінезің жайсаң, майысқан желмен қыр гүлі.


Мақтаны болдың Шұрайлы Шұбартауыңның,
Мақтаны болдың өзіңді сүйген қауымның.
Ереке демей, Еркешім дейді осы күн.
Ақ жарқын, адал, ниеті бірге ауылың.


Әр елдің өнер жұлдыздары мен сырласқан,
Еңбегің сенің жазылмай жатқан күй-дастан.
Бақытың байтақ бола берсінші әманда,
Әр қашан саған шуағын төксін нұрлы аспан.


Әр қашан сені көрейік биік асқардан,
Сенеміз оған сапарың сәтті басталған.
Өзің деген халықтың игі тілегі,
Ақ жауын болып қүяды бүгін аспаннан.


Елуге келіп, аттадың өмір белесін,
Елу жылда да еліңмен бірге келесің.
Бергенің көп-ақ, өзіңнен туған халқыңа.
Әлде мол-ақ борышың менен бересің.


Елу жыл деген әркімдер келер жер екен,
Артық қой бірақ өзіңнің бақыт берекең.
Әлемге айдай елу жасында танылған,
Қайырлы болсын, мүшелді сенің мерекең.


Өнерің менен өшпейтін өрнек салдырдың,
Жарқыра әмсе жұлдызы болып ән-жырдың.
Бақытын берсін Абайың менен Мұхтардың,
Жасына келіп жүз жасаған Жамбылдың.

Тамыз, 1982 ж.

Наверх
Top of Page