МУЗЫКА ӘЛЕМІНДЕ (Ж. Шаштайұлы)

Ж. Шаштайұлы

М. Төлебаев көшесінің бойындағы Қазақстан Композиторлар одағының үйі үлкен қаладағы мәдени кеңселердің біріне де үқсамайды. Мұнда ерсілі-қарсылы ағьлып жатқан әдеттегі кісілердің мол қарасы көрінбейді. Түскі уақыттың маужыраған тыныштығын бұзуға оншалыкты дәті жетпегендей жоғары қабаттың бірінде рояль үні баяу естіледі. Табалдырықтан аттаған сәтте тосыннан шыққан нәзік сазды үнді көркемдік тұщыныспен қапысыз қабылдауға бейімделгің келеді. Қабырғада ілінген әртүрлі жарнамалардан... Еркеғали Рахмадиевтің 50 жасқа толуына байланысты СССР Жоғарғы Советінің Указы бойынша Халықтар достығы орденімен наградталғанын қызу қүттықтаған хабарландыру да көзге жылы ұшырайды.

Белгілі өнер қайраткерімен бетпе-бет жүздескен сәтте, о баста күткен ресмилік сезілмегендіктен бірден еркіндей бастайды екенсің. Адамға сыншыл райда емес, ашық қабақпен не айтпақшы едіңіз дейтін сауалды жүзінен ашық оқығаннан кейін:

-     Сіз көп жылдан бері қазақ совет музыкасының орта буын өкілдерімен, кейінгі жас толқынмен үздіксіз жұмыс істеп келесіз. Бүгінгі қазақ музыкасының проблемалары, ертеңі туралы не айтар едіңіз? — дедік.

-     Келесі жылдың көктемінде қазақ профессионалды музыкасына 50 жыл толады. Осы сөзге ерекше мән бергісі келгеңдей: - Мұны айтып отырғандағы себебім деп сәл іркіліс жасады. — 1933 жылы Алматыға Ленинград пен Москвадан Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди сынды бірқатар өнер қайраткерлері келді. Олардың қатарында бірінші профессионалдық музыкалық білімі бар қазақ композиторы Ахмет Жұбанов та еді. Әрине, профессионалды музыка тақыр жерде тумайды. Сол сияқты өз топырағында бір күнде өсіп жетілмейді де. Мәселен, адамның жас мөлшерін салыстырып қарағанда қазіргі қазақ музыкасының солқылдаған жігіттік шағы. Сонау 1934 жылы тұтас халық әндерінің негізінде дүниеге келген “Кыз-Жібек” күні бүгінге дейін халқымыздың үш ұрпақ өкілін тәрбиелеуде белсене атсалысып келеді. 1944 жылы “Абай”, одан екі жылдан кейін дүниеге келген “Біржан-Сара” опералары қазақ топырағында европалық музыка жасаудың тәуір үлгісіне жатады. Қазақтың ән-күйлерін бойына сіңіру процесі үлттық профессионалдық музыка өнерінде 10-14 жылға созылды. Яғни, осы кезең аралығында туған ең шоқтығы биік шығарма М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасынан” бастап, Е. Брусиловскийдің “Қыз-Жібек” А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абай” және “Қамар сүлу” опералары арқылы казақ музыкасының бір белесі қорытындыланды дер едім.

Одан кейінгі кезек халық әндері мен күйлерін таныстыру, насихаттау сияқты алғышарттардан гөрі композиторлардың жеке дара үндері айқын шығып, халықтық рухқа жақын, бірак профессионалдық тұрғыдан алғанда ішкі жанрлық формалары жетілген өсу-өркендеу кезеңінің бір айтулы белесі бар. Бұл уақыт Қ. Қожамияров пен Н. Тілендиевтің “Алтын таулар”, Ғ. Жұбанованың “Енлік-Кебек”, С. Мүхамеджановтың “Жұмбақ қыз” және менің “Алпамысым” тәрізді опералардың денін құрайды.

-     Демек, бұл жаңа тақырыпты игеру кезеңі десек артық болмас.

-     Жоқ. Мұның бәрі Европа музыкасының гармониясын игерудегі талпыныстар.

-     Сіздің “Тың тынысыңыз”, Ғ. Жұбанованың “Жиырма сегіз панфиловшылар”, Т. Мыңбаевтың, Б. Бычковтың опералары жаңа тақырыпты игерудің өлшем деңгейін көрсете ала ма?

-     Қазіргі тақырыпты игерудегі басты нәрсе интернационалдық шешімді іздеу, табу негізгі мұраттардың бірі. Әдебиет сияқты музыкада да жинақтау мен даралау бар. Бірақ қандай шығарма болмасын одан бүгінгі күннің рухы сезілуі керек. Мәселен, “Жиырма сегіз панфиловшьшарда” осы айтып отырғандарымыздың барлық элементтері ұшырасады.

-     Қазақ операсының “Біржан-Сарадан” басталған шеруін “Тың тынысы”, “Еңлік-Кебек”, “Алпамыс” сыңды опералар жалғастырып әкетті деуге толық негіз бар ғой?

-     Айналасы елу жылдың ішінде 200-300 жылдан бері опералық өнері бар халықтардың деңгейіне көтерілу оңай екені айтпаса да түсінікті. Бүкілодақтық көлемде “Тың тынысының” бірінші, “Еңлік-Кебек” пен “Алпамыс” операларының Москвадағы Үлкен театрдан кейін екінші орын алуы осы сөзімізге толық айғақ бола алады. Бұл орталықтағы сыншы алқасының лайықты бағасы деген сөз.

Осы жерде тағы бір сұрақ қоюдың жөні келгенін сездік. Бірақ, дәл соны білгендей Е. Рахмадиев орайлы тұстан әңгімесін жалғастырып әкетті.

-     Жалпы музыка жалғастығы қиын, ойы-қыры бар өнер. Алайда, осыдан елу жыл бұрын ғана халықтың ән-жырларын бұлжытпай қайталаудан бастаған бірінші буынның өкілдерінің ісі екінші, үшінші, тіпті, төртінші буынның осыншалық дәрежеге көтерілді деп білемін. Осы табысқа жетудің сыры не деген сауалға мынандай тұжырыммен жауап беруге болады. Партия мен үкіметіміздің республикамызда симфониялық оркестрді, хор капелласын, ұлттық театрларды құруының арқасы. Сонымен қатар халқымыздың о бастағы жаратылысынан осы өнерге табиғи бейімділігін аңғарамыз. Мәселен, менің әкем “Алпамыс” жырын әртүрлі мотивте айтатын. Яғни, бұған бір орындаушының ғана театры деген анықтама беруге болады. Оның бір өзі батырдың да, ханның да, Гүлбаршынның да басқа да персонаждардың монологтарын әртүрлі дауыс мақамымен жеткізетін. Иә, бұл бүкпесіз шындық. Демек, опера - қазақ халқының о баста қанында бар нәрсе.

-     Өнердегі үстаздық туралы не ойлайсыз? Сіздің творчествоңызға ықпалы тиген адамдар кімдер еді?

-     Алғашқы қадамым сонау 1948 жылдан басталғалы бері 34 жыл өтіпті. Ойлап қарасам біздің ұрпақ шын мәнінде бақытты ұрпақ. Өйткені, олар қазақтың өнерін құрушьлармен дәмдес-тұздас болды. Ендеше, өткендер мен қазіргілердің арасын берік байланыстырып тұрған ұрпақ бізбіз. Біз жоғарыдағы есімдері аталған өнер қайраткерлерінің бәріне рухани борыштармыз.

Әрине, үлкендерді көріп, олардың тәлімін алу біз үшін зор мақтаныш бола тұра, оның жауапкершілік салмағын да жете сезінеміз. Өйткені сол жайсаңдардың үлгісін жастардың бойына дарыту дейтін бір үлкен міндет бар. Бірақ сол міндетті калай атқарып жатырмыз деген сауалға кесімді баға беру қиын. КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А. Қонаев жолдастың Қазақстан Компартиясының XV съезінде: “Жастар өз өнерін барған сайын сенімді көрсетіп келеді. Халықаралық және Бүкілодақтық конкурстар мен фестивальдарда ондаған жас орындаушылар лауреат атағына ие болды”, - деп атап көрсеткені бәрімізге қанат береді. Әлібек Дінішев, Тимур Мыңбаев, Айман Мұсаходжаева, Рахима Жұбатырова, Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева сынды орындаушылық шеберліктері жоғары үркер жұддыздың шоғырындай жастарды кез-келген одақтас республикалардан кездестіре алмайсыз.

-     Музыка әлеміндегі дәстүр, жаңашылдық туралы не айтар едіңіз?

-     Өнер неғүрлым жан-жақты дамыған сайын проблемалар да соғұрлым көбейе бастайтынын өмірдің өзі көрсетіп берді. Бұрын біз Европа музыкасының гармониясын, полифониясын, тағы басқа да қырларын игеруді алдымызға міндет етіп қойсақ, енді үлттық бояуды жоғалтып алмауды көздеудеміз. Кейде жас композиторлар ән шығарғанда тыңдаушылардың көңілінен шыққысы келетіндігін білдіріп қояды. Шығарған әніне шетелдік ырғақтарды пайдаланады. Мұның өзі тұтынушылыққа, күнкөрушілікке әкеліп соғатынын жасыра алмаймыз. Ал, бір күндік жетістікке бола кейінгі жастардың суреткерлік позицияларынан шегінбесе екен дейміз.

Өнердің қай саласы болмасын бәрі үйренуден басталады. Бірақ, нені қолдансаң да талғаммен қолдану қажет. Еліктеу қашанда жақсылықка әкеліп соқпайды, мүның аяғы әшейін шөре-шөре болып шығады. Мода қуғыштық - өнер сүйгіштіктен тумаған нәрсе. Иә, жастық дегеніміз сөз жоқ, өсу жолы, қалыптасу жолы. Бірақ, мына бір жағдайда өкінбеске шараң қайсы. Кейде біздің жастарымыз үлттық опера концерттеріне аз барады. Ал, есесіне джаз, рок музыка келсе кезекте түрған жастарда есеп жоқ. Өз ұлтының өнеріне салғырт қараушылықтың төркіні кейде әріде жатыр ма деп ойлайсың. Республикамызда 10 мыңға тарта орта мектеп бар екен. Соның қайсысында ән пәні дүрыс өтеді, айтыңызшы? Бүл жерде классикалық музыканы айтпай-ақ қояйық. Анығына келгенде, мектептерде ән пәні өгей бала тәрізді. Әдебиет, химия, физика сияқты сабақтардың программалық жүйесі бойынша көңіл бөлінсе, балалардың музыкаға деген дайындығы анағұрлым тәуір болар еді. Рас, барлық адамның музыкант болуы шарт емес. Адам табиғатында дарынсыз жаратылмайды. Ал, дарындылық деген сол ең қымбат ісін сүйіп атқаруда жатыр. Өз ісін сүйіп атқаратындар қашанда музыканы табиғи түсінеді деп ойлаймын.

-     Сіздің бірқатар симфониялық күйлеріңізді қарапайым музыка тыңдаушылары жақсы біледі. Симфониялық шығармаларда халықтық үн, халықтық бояудың айқын болуын қалай бағалайсыз?

-     Симфониялық шығарма — күрделі шығарма. Мейлі формалық, мейлі даму, өрбу жағынан болсын ол ән жанры емес. Өзінің табиғатына сай талаптары, талғамдары, қыскасын айтқанда, өз заңдылықтары бар. Қырық әннің басын қоссаң да симфония шықпайды. Әлеуметтік бояуы және философиялық жүктің молдығымен симфония әдебиеттегі роман жанрына ұқсайды.

-     Сіздің күй-симфонияларыңыз ше?

-     Ол Казақстанда ғана туған жанр. Біздің арманымыз симфония әлеміне ұлттық бояу-өрнекпен қосылу.

-     Сіздің “Дайрабай”, “Құдаша думан” тәрізді симфониялық күйлеріңіз бүкіл дүниежүзілік радиостанцияларында орыңдалып жүр ғой.

-     Иә, біз халықаралық музыкалық аренаға осы өміріміздің қолтума симфониялық күй жанры арқылы шықкднымыз рас.

-     “Қамар сүлу”, “Алпамыс”, “Тың тынысы” атты операларыңыз өмірге қалай келді?

-     М. Мақатаевтың бір өлеңінде “бала ғашық” деген тіркес бар. “Қамар сұлу” сол бала ғашығым сияқты опера ғой. Сегізінші класта оқып жүргенде С. Торайғыров ақыңдық қасиетімен көңілімде қалып еді. Кейін үстазым Е. Брусиловскийдің “Сен опера жаз, опера жазуға қабілетің бар” дегенінен кейін “Қамар сұлуды” қолға алған едім.

Ал, “Алпамысты” екі рет жаздым. Бірін — европалық дәстүрмен аяқтадым да, екіншісіне жыраулық дәстүрді енгіздім. Операның идеясы халықтықты, бейбітшілікті үндейді. Халықгың қиялынан шыкқан дүние менің жан-жүйемде осылайша кайта жаңғырығып, баска сапалық мәнге ие болды. “Тың тынысының” актуальдылығы такырыбыңда жатыр. Мұңда бірінші рет кинодокументтер пайдаланылды.

-     Фильмдерге музыка жазу — сіздің творчествоңыздың бір қыры. Бұл істің өзіндік ерекшеліктері қандай?

-Кино да синтетикалық өнер. Мұнда барлық компоненттер бір деңгейде қызмет атқарады. Сонымен қатар жаңашылдық философиялық толғаныстар да өміршең сипат алып отыруы керек. Сондықтан музыка киноның құрамдас бір бөлігі. Мен көбіне марқұм. Ш. Аймановтың түсірген фильмдеріне музыка жазған едім. Бір қызығы, кейіннен ол туралы түсірілген фильмге де музыканы маған жазуға тура келді.

-     Бүгінде халық әндерінің ролі қандай?

-     Профессионалдық музыкалық өмірде ұлттық бояу қазақтың әні мен күйінде жатыр. Қазақтың әні мен күйінің өзіне ғана тән рухани ерекшелігін сақтаса ғана дүниежүзілік өнерге үлттық бояумен қосыла алатынымыз хақ.

-     Творчестволық жоспарыңыз?
-     Болашақта ананы, мынаны жазам деудің өзі түсінген кісіге арман. Соңдықтан да оны кесіп-пішіп айту қиын. Орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевский мен халқымыздың ұлы перзенті Ш. Уәлиханов арасындағы достық карым-катынас жөнінде опера жазсам ба деген мақсат ойымда жүр. Мұнда осы бастан ескеретін бір ерекшелік, Шоқан орыс кауымының арасыңда, әрине, қазақша сөйлескен жоқ Ол тек туған- туысқандарына келгенде ғана өз ана тілінде сөйледі. Міне, осы жағдай болашақ операда сақталады деп ұйғарып отырмыз.

-     Әзірбайжан халқының үлы ақыны Низамидің әйелі Әппақ атты қыпшақ қызы болғаны белгілі. Ақын біздің отандасымызды “мені” өмірімнің арқауы едің” деп бағалаған екен. Бұл жөнінде қазақ әдебиетінің классик жазушысы Ғ. Мүсіреповтың либереттосы дайын тұр. Осы көздеген екі дүниенің кайсы бұрын бітетіні әлі белгісіз.

Мүқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Қайрат Жүмағалиев, Кәкімбек Салықов сияқты ақындардың өлендеріне ән-романстар жазуға да ден қойып жүрмін.
- Творчествоңыз әрқашан табысты бола берсін, Ереке!

Тамыз, 1982 ж.

Наверх
Top of Page