НАГРАДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН! (Егемен Қазақстан)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қаулы етемін:
1.    Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мэдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақ улттық өнер университетінің профессоры Еркеғали РАХМАДИЕВКЕ берілсін.
2.    Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 7-сі. № 1117

НАГРАДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 Еліміздің Тэуелсіздік күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы Қазақстан Республи- касының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Олардың қатарында мэдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік сала- ның, қуқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс жэне еңбек ардагерлері бар. Сондай-ақ ЕҚЫҮ-ның Астана Саммитін дайындауга жэне өткізуге лайықты үлес қосқан отандастарымыз бен шетелдік қайраткерлер де мемлекеттік наградаларға ие болды.
Жогары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының элеуметтік-гуманитарлық дамуындагы аса үздік жетістіктері, мэдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Еркегали Рахмадиевке берілді.
«Отан» орденімен академик Салық Зиманов пен жазушы Әзілхан Нұршайықов марапатталды. III дәрежелі «Барыс» орденіне Ә.Х. Марғұлан атындагы Археология институтының бөлім меңгерушісі К.М.Байпақов, Қазақ улттық аграрлық университетінің ректоры Т.И.Есполов, «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК директоры Е.Б.Тэжиев ие болды.
Белгілі галымдар, мәдениет, білім қайраткерлері, өндірісшілердің бір тобының еңбегі «Парасат» орденімен атап отілді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия гылыми орталыгы» АҚ бас директоры С.Қ.Ақшолақов, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Ш.К.Беркімбаева, Қостанай облысының Әулиекөл ауданы «Агрофирма «Диевская» ЖШС бас дирек¬торы О.В.Даниленко, «Қазақ әуендері» АҚ «Казак-концерт» концерттік бірлестігі» филиалының ди¬ректоры А.Қоразбаев, Абай атындагы Қазақ улттық педагогикалық университетінің «Абайтану» гылыми-зерттеу орталыгының директоры М.Мырзахметулы, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актрисасы Н.Мышбаева, Қазақстан Жазушылар одагы басқармасының төрагасы Н.М.Оразалин, «Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналган №19 спорттық мектебі» РМҚК қазіргі бессайыстан жаттықтырушысы Л.Г.Шумилова бар.
I дәрежелі «Достық» орденімен наградталган- дар арасында белгілі ақындар Туманбай Молдагалиев пен Қадыр Мырзалиев, академик Төрегелді Шарманов бар. II дәрежелі «Достық» орденімен Қ.Қожамьяров атындагы республикалық уйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі Ахметжан Қадыров, Н.Сац атындагы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспі- рімдер театрының актрисасы Валерия Крымская марапатталды.
«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алюминий электролизі цехының операторы Ұ.С.Әубэкіров, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының Ә. Жангелдин атындагы орта мектебінің мугалімі Н. Зәуірбекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры О.Исахов, «А.Селез¬нев атындагы Алматы хореография училищесі» РМҚК оқытушысы Л.М.Ли, «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблінің директоры Г.Қ.Мырзабекова, Т.Жұргенов атындагы Қазақ үлттық өнер академиясының ректоры А.Мухамедиұлы, Ақмола облысының Қоргалжын ауданы «Алтынай» ШҚ механизаторы А.А.Руш, «Қазақстанның іскер эйелдері қауымдастыгы» РҚБ пре¬зидент! Р.Б.Сәрсембаева, Ш.Уәлиханов атындагы Тарих және этнология институтының бас гылыми қызметкері О.Ысмагүлов «Қурмет» орденінің иегері атанды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарганы, заңдылық пен қуқықтық тэртіпті қамтамасыз етуде, елдің улттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін ныгайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылыгы үшін әскери қызметшілер, күқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы I және II дәрежелі «Даңқ», I, II және III дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» қурметті атагы ғылым, мәдениет, өндіріс пен әлеуметтік саланың 72 көрнекті өкіліне беріліп, ал Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 255 адам ие болды.
Мемлекеттік награда алғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.

Наверх
Top of Page