ТҰЛҒА (Композитор Еркеғали Рахмадиев 60 жаста)

Өніп, өрбіп, өзгеріп жатқан мынау дүниедегі қай нәрсе, қандай құбьлысқа зер салсаң да, бір жәйді айқын аңғарасың: ештеңе жоқтан пайда болмайды, ал бар нәрсе не құрылып өседі, не құлдырап өшеді. Тек табиғи болмыста ғаңа емес, рухани болмыста да солай. Ол, негізінен, бастау алып берер тек пен қарыштау не құлдырауға ұрындырар себепке байланысты. Табиғи болмыстағы нәрсе мен құбылыстың құлпырмақ, не құлдырамақ себебі, түптеп келгенде, былайғы нәрселер мен құбылыстардың әсерінен, немесе, сыртқы ықпалдан ғана туындайды. Ал рухани болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың құлпырмағы мең құлдырамағының түп себебі, әрине, сыртқы ықпалға да, былайғы нәрселер мен құбылыстардың әсерлері мен әрекеттеріне де тәуелді, бірақ, жеме-жемге келгенде, көбіне-көп сөз болып отырған нәрсе мен құбылыстың өзіне тікелей байланысты. Бірақ, оны бұрын ешкім білмеген ешкім ескермеген, ешкім ұстанбаған қағида деуге болмайды. Ол ақиқатты жете түсініп, ойдағыдай жүзеге асыра алғандар бұрын да аз болмаған. Кешегінің бәрін кеше, бүгінгінің бәрін сұңғыла санамай, айналамызға байыптай қарап, әділ бағалай білсек, тек өз тағдырына ғана емес, өзі шұғылданатын іс, өзі жүрген орта тағдырына әрдайым жаупкершіліпкпен карай білген инабатты жандар әуелден де баршылық.

Осы орайда, әлгіндей сипатымен үлтымыздың қазіргі рухани болмысында алдымен көзге түсетін айтулы тұлғаға айналып отырған бір азамат жайында ойлансам; жадыма мына бір гәп еріксіз оралады.

Басыңа қандай заман туып жатса да, қазақтың жиын-тойы қай кезде де аз болмаған. Ал сондай әр жиын, әр тойдан кейін ауыздан түспей айтыла жүрер бір-бір қыран-топан қызығы мен бір-бір айран- асыр қалдырар айрықша оқиғасы болатыны сірә белгілі.

Сондай бір жиын бұдан елу жыл бүрын сонау дүние жаратылып, су аққалы бар ежелгі телегей Балқаш жағасындағы Бөрлітөбе өңірінде де өтіпті. Ол кезде де алдарында әлдеқандай заман тұрғанын анық біле алмай, дәндәнай боп, құлан төбел күй кешіп жатқан ауылдастар әбден мәре-сәре дүрлігіп, мәз-мәйрам қуанысыпты. Ол тойда да кейін көздерінен жас акқанша күліп айтып жүрер бір қызық таңдайлары жауырғанша тамсана айтып жүрер бір таңғаларлық окиға болыпты.

“Төбені нар камыстан тоқып салғанымыз қандай тамаша! Алайда, шетін бір тегіс қып қырықпай, жалба-жұлба күйінде қалдырғанымыз қандай масқара?”, - депті бір білгіш. “Онда тұрған ештеңе жоқ. Казір шашау шығып түрған шашақтарды шырпының тамызымен шырқ айналдыра бір қырпып алса бәрі орнына келеді”, - деп бөсіпті екінші білгіш. Тамызықтың шарпуынан албырап-жалбырап тұрған жиегі ғана емес, күллі қамыс төбе лап ете калыпты. Сол күндері иіндері суға кеткенмен, артынан жұрт өз қылықтарына өздері мәз боп күле бастапты. Күні бүгінге дейін әлгі жәйіт сөз болса, бүйрек тұстары бүлкілдеп ала жөнелмейтіндер кем де кем.

Ал, тамсана айтылар айрықша оқиғаға келсек, әлгі жиында да тек ат жарысып, атан жарысып қоймапты. Етектерін ышқырлығына дейін қыстырып ап әйелдер де, балақтарын тізелерінен асыра түріп ап балалар да жарысыпты. Құрықбойы озып, құстай зымырап келе жатқан бір бала мәреге жете бере мұрттай ұшыпты. Құлап жатып: “Қап, құдайдың жөні бұлай емес қой!” — деп, жерді төмпештепті.

Үлкендер жағы жағаларын ұстапты. “Апырау, мынау қапым кеттуі деп жатыр. Обал болар, қайта жарастырайықшы”, - депті. Қайта жарысқанда, әлгі бала тағы озып келіпті. Қарап түрмай: “Е, бәсе, құдайдың жөні осылай болса керек еді ғой”, - депті. Бұны естіген көпшілік тағы да жағаларын ұстапты. “Тегіне тартып тұр ғой!” — депті біреулері. “Көр де түр. Тірі болса, тап мына бала адам болады!” - депті екіншілері.

“Адам боладыдан” асқан мақтауы, “адам болмайдыдан” асқан даттауы жоқ халқының көзі мен көңіліне осылай ерте іліккен сол бес жасар бала бүгінде, міне алпысқа шығып, ағалар жасына жетіп, пайғамбар жасына жақындап отыр.

Адам болғанда қандай! Атағы еліне ғана емес, әлемге танылды. Есімін тек бір ғана өлке, бір өңір ғана емес, күллі жалпақ жұрты түгел мақтаныш етеді.

Бұлай болуының себебі неде? Оны тек сыртқы ықпалдан іздесек, атымен басқаша кеп кешуі де мүмкін еді. Ол оң мен солын танымай жатып, ала қағаз оқитындардың көбінің соңына сөз ерді. Жұрт тағы да: “Бәрінен де қой бағып, көтен-мойын жеген озар” — дей бастады. Оның үстіне көп үзамай соғыс басталды. Ересекгер майданға аттанды. Оннан енді асқан бүлдіршіндер жалаң бас су кешіп, мұз кешіп, ау құрды, балық аулады. Өнер қумақ түгіл өмір сүрмектің өзі уәйімге айналды. Бірақ, соған қарамастан, соғыс біткен соң, ау мен шананы аман қалған ақсақ-тоқсақтарға тапсырып, жалақ бет сары бала Алматыға тартты. Оны қиырдағы шиырларға адастырып кетпей, ез болашағының даңғылына уақытында бастай білген бүл сиқырдың аты не? Тек пе? Себеп пе? Әлде баяғы ақсақалдар ауыздарын құр бекерге ауыртқан ба? Олар, әрине, “тегіне тартып тұр ғой” дегенде, біреулері сонау Дөңгелек өңіріндегі бұдан бір ғана ғасыр бұрын салған қора-жайы әлі құламай, қазған құдығы әлі сарқылмай, берген дәрісі әлі ұмытылмай, бір тайпа елге бір өзі “имандылық мектебі” болып, Ақсопы атанған Жайықбай пірәдарға меңзесе, екіншілері ылғи құрт талмағандай сөз талмап, өлең құрастырып жүретін Рахмади ақсақалдың өзін,үшіншілері оның бұл маңайдағы беті өнді қыз ұзатылса, тойы тарамай жатып алып қашып, өзі иемденіп кететін өткір інісі Айтқалиды тілге тиек етті. Әуелден де парасат, өнер, ерлік дарыған әулетінен түлегелі тұрған терекке ең бір кұнарлы алқапта біткен дарақтан ең бітік мәуе, ең тәтті миуа дәметкендей ең үлкен үміт артқан шығар. Ықыласпен айтылған жақсы сөз ыждаһатты жастың жадында қалмас па?! Әсіресе, үлкен көрсе батасын адам деп, аттан түсерде тізгініне, намаз оқырда құманына жармасып тұра жүгіретін ауыл баласы қаршадайында естіген ілгіндей ыкыласты ұмыта алар ма?!

Өзге нәсілдің түлегін “калай да осылай боламын” дейтін өз арманы, өз қиялы, өз пиғылы, ал біздің нәсілдің түлегін әлгіндей инабатты үлкендердің берген батасы, былайғы ел-жүрттың айтқан алғысы алға жетелеген ғой... Еркеғали Рахмадиевті де, кім біледі, күні бүгінге дейін алға жетелеп келе жатқан сонау бес жасар бала кезіңдегі естіген: “Адам болады”, - деген ел сенімі шығар. Сол сенім оны ақ қар көк мұзда ау сүйретіп, шана жетелеп жүрген шағында да жан-жағына құлағын жетік ұстатып, тылсым дүниенің кез келгенінің көңілі аңғара бермейтін айрықша сырларын аңдытқан шығар. Әйтеуір құм арасында туып, қолын қыл арқан кескен баланың: “Әке жолын ұстап, сөз қу, университетке түс”, - деген әпкелерін тыңдамай, “музыкант болам”, - деп қасарысуы жылқышының құрығын тастай салып, “ғарышқа ұшам”, - деп талпынғандай естір құлакка оданы естілгені де рас.

Бірақ, жігітті жігіт етіп қанай қоймай, ұлтты ұлт ететін де осындай нар тәуекел ғой. Әйтпесе, біреуіміз ауылда өсіп едік деп, желегі алыңбаған келіндей именшектеп, екіншіміз қаланың қара таяғы еді деп, жатқан түйеге міне алмай, ештеңеге дәт қыла алмай, жалтарып кетер сылтау іздеп, жасқаншақтаумен өтсек, елімізді ел қыла аламыз ба, жерімізді жер қыла аламыз ба?!

Асфальтта туған балаларымыз бен інілеріміз күні бүгінге дейін қанша “майтымақ Мәмбет” деп қолдарын шошайтқандарымен халқымыз осындай ауылда жүріп-ақ, аспандығыны армандап, астанаға келіп, сол аспандағысын қолдарына қондыра білген қайсар ұрпақтардың арқасында ғана өз тіліне ие болып, өз мәдениетін өзі өркендетіп, өз ұпайын өзі түгендеп, өз тізгініне өзі ие бола алып отыр.

Рахмадиев те — сондай арыстан дәме, атан желік намысқой топтың өкілі. Құм арасында туған құлақ кесті атанбас үшін музыка училищесінен кейін консерватория тауысты. Ол аз дегендей, Мәскеу, барып аспирантура тәмәмдады. Өз мамандығына лайық, осы заман қоятын талаптардың бәрін орындап шықты. Басқасын қойғанда, тек осының өзі-ақ казір тағы да озып кеткен жұрттардың соңынан қайта кууға мәжбүр болып отырған қазақ ұрпағына айта қаларлық үлгі болғандай. Алысқа талпынып, орта жолда қалу, асқар биікке ұмтылып, орта белде қалу — айып. Дүмшелік пен дүмбілездік содан өрбиді. Өз айыбын өзі біліп, басын сағаттайтын окымаған надандықтан өз шалағайлығының есесін өзгенің кемелдігін жоққа шығару арқылы қайтарғысы келетін оқыған надандық әлдеқайда қауіпті. Ондай дерттің ұлттық өнер мен ұлттық мәдениетке қаншалықты қасірет екенін бала жасынан көріп өскен композитор өзін-өзі қапысыз шындауға әбден мән берді. Соның аркасында ол тек өз бойындағы дарынның ғана емес, күллі ұлттың музыка өнерінің қандаай шынайы кәсіби биікке көтеріле алатынын дәлелдеп берді. Халық композиторлары жеткен шынайылық пен Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди жеткен шеберлік асуын аласартып алмау — кейінгі толқын қазақ композиторлары үшін оңай сын болмады. Сол сыннан алдымен сүрінбей өткен де Рахмадиев еді. Ол музыка сахнасына шыққан кезде тек ұлттық әуен мен әуездің ауқымында қалған дүмбілездік пен әлемдік музыка техникасын жаттап алған жалаңдық, ойда-қырда жылт еткен соны мен тосынды көшіре салғыш әуейілік пен жаттанды мектеби қисындардан аттап шыға алмайтын қасандық әбден бел алып тұрған кез еді. Сырт көзге ғана сан саққа ала қашқандай боп көрінетін осы ағымдардың бәрінің де басын қосып ауызын біріктіруде, әр кайсысы әр дәрежеде малтығып, жүрген қайшылықтардың себептері мен салдарын айқындап, қасиетке айналдыруда, сол арқылы ұлттық музықалық ойлау жүйесін жетілдіруде Мұқан Төлебаев көрсеткен тамаша үлгі ойдағыдай дамып кете алмай жатыр еді. Оның ілгері басуына “алпысыншы жылдар” мектебінің: Ұлттық колоритты бекем ұстап, әлемдік композициялық мәдениетке батыл құлаш қойған Құдыс Қожамияров, композициялық мәдениеттің биік үлгілерін әбден меңгеріп ап, ұлттық әуен мен әуез байлығын игеруге күш салған Ғазиза Жұбанова, бүгінгі композициялық мәдениеттің игеруге күш салған екі тіннің екеуін де ерекще алғырлықпен әрі тез, әрі табиғи меңгеріп, бесенеден белгілі төл музыка, бояуы мен үні, ой жетелер әуезі мен сезім жетелер әуені, жігер қайрар ырғағы мен пайым ауқымдар пішімі — бәрі құлын мүшесін бұзбай құлпыра туатын туындыларды мол сыйлаған. Сыдық Мұхамеджанов, әлгі ізденістердің бәрін де әлдебір адам таңғаларлықтай ұшқырлықпен игеріп, шығарымпаздық қиялдың, артистік уыттың, орындаушылық пайымның зеңгір биіктеріне жетелей алып жүрген от жалын Нұрғиса Тілендиев, симфонизмді қазақы программалық музыканың өз түс табиғатынан да молынан таба білген Мәкәлім Қойшыбаев, өмірлік, адамдық шындықтың дыбысты болмысының “идеялық”, “актуальдық” деп саналып келген майлық-сулығына жоламай, тек тұнық қабаттарында ғана жүзуге тырысқан Нағым Мендіғалиевтің еңбегі зор.

Еркеғали Рахмадиев осындай тегеурінді топпен бірге көрініп, бірге еңбек етіп келеді. Ұлы дүрмектің ішінде емес, басында келеді. Дәм жазғасын солай емес, барша шығармашылық кемелділігімен көш бастап келеді. Қазақ операсының әдеби-музыкалық фольклордың сюжеттік, әуендік ауқымында қалмай, шынайы концептуальды әдеби-музыкалық драмаға айналуына “Қамар сұлу” мен “Алпамыс” қандай көрнекті қызмет атқарса, ұлттық симфонизм мен аспапты музықаның самғай биіктенуіне Е. Рахмадиев жазған симфониялық күйлер, оркестр мен трубаға арналған, скрипкаға арналған концерттері де дәл сондай қызмет атқарды. Бұл шығармалардың қай-қайсысында да композитор ұлттық фольклорды, халық әндері мен күйлерінің әуендік, әуездік, ырғақтық сонылығы мен айшықтылығын, ұлттық рух пен жігерді бере алатын бояу мен әрін пайдаланып қана қоймай, халқымыздың дыбыс арқылы болмысты зерттеп, заманды пайымдау, сезім талдап, ой саралау жүйесін аса бір байыптылықпен жеткізе білді. Халықтық музыкалық парасаттың, ұлттық музыкалық зерденің құдіретін таныта білді. Халқымыздың кейбіреулер айтып жүргендей тек импульсивтік(түйсіктік) зердеге ғана емес, болмысты молынан қамтып, болашақты әріден болжап, бастан кешкенді жіліктей талдап, ықтимал құбылыстар мен оқиғаларды алдын-ала парықтай білер концепциялық (пайымдық) ойлау жүйесіне, терең парасатқа ие рухани кемелдігін музыка тілінде сомдай білді.

Мұндай асқаралы міндетті ойдағыдай орындап шыға алу үшін ұлттық музыкалық мұраны жай мәдени шикізат, ал классикалық және осы заманғы кәсіби музыканың жанрлық-стилистикалық жетістіктерін жәй әшейін технологиялық айла-шарғы санамайтын, екеуін де әр шығарма үстінде қайтадан шұқшия зерттеп, қайтадан қапысыз меңгеруге тырысатын шынайы суреткерлік ұқып пен ыждаһат керек еді. Е. Рахмадиевтің рухани қайсарлығы ең алдымен осы шығармашылық ұқыптылығы мен ыждаһатынан көрінеді. Ол әмбебаптылықты әрі-серілікпен, талғампаздықты талғамшылдықпен, жаңалық құмарлықты әуейілікпен, дәстүрге адалдықты сүрлеушілдікпен, қарапайымдылықты қарабайырлықпен шатыстырып алудан атымен аулақ. Жамандыққа ұрынбаудың жалғыз-ақ жолы — жақсылықтың мөлшерін білу, шектен аспау екенін әбден біледі. Жарасымды мөлшер, үйлесімді шек түзейтінін жақсы үғады. Сондықтан да, оның шығармалары батыс пен шығыс, отандық пен шетелдік таныс-бейтаныс тыңдармандардың бәріне бірдей түсінікті, бірдей үғымды. Бұндай икем болмаған жерде, біз төл мәдениетімізді жалпыадамзаттық мәдениетпен, ұлттық рухани ахуалымызды жалпыадамзаттық рухани ахуалмен терең қабыстыра алмаймыз.

Бұл үшін айқын талантпен қоса сара ақыл, биік парасат, суреткерлік пайыммен қоса азаматтық уыт, шығармашылық кемелділікпен қоса адамгершілік пәтуа керек.

Өз пайымдауымша Е. Рахмадиев басында осының бәрі де бар. Ал, бұл әсіресе, қазіргідей өтпелі кезенде, елдің елдігі қалыптасар шешуші кезенде ең басты зәрулік. Бүгінгі күндері қоғамымыз үшін өлкеміздің табиғи байлығы, халқымыздың интелектік игілігі қандай ұлттық дәулет боп саналса, адамдарымыздың әрқайсысының бойындағы адамгершілік құнар мен азаматтық өре де тап сондай ұлттық дәулет саналық әділ қорғаланып, ұқыпты қорғалуы қажет.

Еркеғали - ұлтымыздың рухани экологиясының ойдағыдай қалыптасып, ойдағыдай сақталуы жолында аянбай атсалысып келе жатқан азамат. Оған шығармашылығымен бірге үйымдастырушылық, ұстаздық қызметтері де айқын дәлел бола алады. Оның алдын көрген қанша шәкірт қазір өзімен жарысып өнер майданында жүр. Шәкірт тәрбиелеу — ең алдымен, пейілдің кендігі. Ел басқару — ең алдымен, пейілдің кеңдігі. Өйткені, ел басқару да, ел тәрбиелеу де, ең алдымен, елдің тілін таба білуге байланысты. Елдің тілін таба білу үшін өзгенің Қасиетін тани білу, танып қана қоймай, бағалай білу қажет. Сондықтан да, жақсы ұстаз халық бағы, жақсы басшы — халық бағы. Жалпы, өзгенің қадір-қасиетін тани білу - адам қолынан келуі ықтимал ең үлкен ерлік, ең үлкен мәрттік. Бірақ, оның да өлшем-шегі бар. Тек өзгенің ғана қасиетін біліп, өз қасиетінді елемеу - ездік. Тек өз қасиетіңді ғана біліп, өзгенің қасиетін көзге ілмеу — есерлік. Өз каситіңді қастерлеп, өзгенің қасиетін де мойындай білу — кемелділік. Рахмадиев — кемел суреткерлігімен қоса кемел басшы да болды. Өзіме болса болды, өзгелер бұл болмаса күл болсын десе, отыз жыл бойына бір шағармашьшық одақты басқарып отыра алар ма еді. Соңғы елу жыл ішінде өлі-тірісін қосқанда мындаған мүшенің басын қосып жүрген шығармашылық одақтарымыз каншама! Бірақ, солар былайғылар: “Бұлар да ел ғой. Бұлардың да бір-екеуі санатта жүрсінші”, - деп, сырттан өздері қосып алмаса, ұлы болып, өз ұғымталдығымен санатқа кісі іліктіріп көріп пе! Аяқтан тартуға шебер болғанмен, қолдан тартуға жоқ қой! Ал, айналасы отыз- қырықтан аспайтын Композиторлар одағы кейінгі он-он бес жылдың өзінде ғана Кеңес Одағының бес бірдей халық артисін шығарды. Қанша жас лауреат одақтық, республикалық жоғарғы атақтарға, сыйлықтарға ие болды. Соның бәрі қауымның таланттылығымен қоса басшыларының пейілінің кеңдігінің де арқасы екендігін айтпау, көре-пара киянат болар еді. Болар ел, болар қауымның бағын өзін тұлдыр даладағы дара бәйтерек санамай, көшелі елде көп кең басшы ғана тасыта алады. Тек сонда ғана азамат ту үстатар тұлғаға айнала алады.

Бұл ретте, қазіргідей баска тартсаң , аяққа жетпей жатқан таңқы етек кезеңде мәдениет секілді әуелден де пақырана саланың басшылығана Еркеғали Рахмадиевтей азаматтың келгені қалғанымыз үшін дңрыс болғанмен, өзі үшін орасан тауқымет. Ұлттық мәденитіміздің жаңа заманға лайық жаңаша дәуірлеуінің бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыру қай басшы, қай жетекші үшін де үлкен сын. Тек көп боп жұмылып, көп болып көтеріп әкетер жүк.

Ондай көптің күшін жүмылдырар өрелі істің басы-қасында көптің басын қоса алар пейілі кең, зейілі мол кемел азамат, кемел суреткердің тұрғаны тіптен құба-құп.

Алпыстан кейін де ғұмыр бар. Алар асу әлі көп. Карыз бен парыз шаш етекген. Соның бәрін абыроймен атқарып шығу үшін осы кезге дейін серік боп келген нар тәуекел берік ыждаһат, талмас ізденіс, сарқылмас жігер, мол пейіл әлі де серік бола бергей!

Бітірмек іс көп болғай! Әрқайсысы біткен сайын, бір кезде өзіңіз айтқандай: “Е, бәсе, құдайдың жөні, міне, осындай болса керек еді ғой!” — деп отырайық, Ер-аға!

Шілде, 1992 ж.

Наверх
Top of Page